Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Несіпбаев Ғабит: "Астана Oпера" театрымен бәсекелеспейміз

Несіпбаев Ғабит: "Астана Oпера" театрымен бәсекелеспейміз

Несіпбаев Ғабит:

"Астана Опера" театрының алғашқы гастролі Алматы қаласындағы Абай атындағы МАОБТ сахнасында өтетінін айтқан болатынбыз. Алматылық көрермен 4-10 ақпан аралығында 7 күн бойы әлемдік дәрежедегі театрдың өнерін тамашалай алады. 

Алматыға келген «Астана Опера» театрының гастрольдік тобы бірінші кезекте Абай атындағы театрының басшылығымен кездесті. Бұл жайлы «Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов былай деп атап өтті: "Астана Опера" театрының негізі қаланғанына бар-жоғы 8-ақ ай өтті. Біз жастығымызға қарамастан алғашқы гастрольдық сапарымызға аттандық. Осы арада шет ел теарларынан бұрын өзіміздің Абай атындағы Мемлекеттік Опера және Балет театрына келуді жөн көрдік. Биыл 80 жылға толып отырған Абай атындағы театрының ақ батасын алу, тағзым жасау – біз үшін үлкен құрмет. Бұл әйгілі театр сахнасында еліміздің өнер саласында еңбек еткен атақты тұлғаларының барлығы көрінген. Біз солардың салған жолын жалғастыруды көздейміз. Алматыда театр өнеріне үйренген көрерменнің оң бағасын алу біз үшін осы гастроль барысындағы негізгі мақсат."


"Астана Опера" гатрольдік тобын Алматыдағы Абай атындағы театры жақсы қарсы алды. Кездесу барысында екі жақты серіктестік меморандумға қол қойып, достық және серіктестік байланыс орнатылды. Енді бұл театр жұлдыздары өзара тәжірибе алмасып, өз өнерін одан әрі шыңдай алу мүмкіндігіне ие. 

Сондай-ақ, Абай атындағы театр "Астана Опера" театрының мұражайына еліміздің көрнекті тұлғаларының портреттер жинағын сыйға тартты.

Абай атындағы МАОБТ бас директоры Несіпбаев Ғабит Астана мен Алматының бас театрлары арасында жылы қарым-қатынас орнағанын айтып, Абай атындағы театр мен "Астана Опера" театрлары арасында еш бәсекелестік болмайтынын атап өтті. "Біз үшін "Астана Опера" театрының алғашқы гастрольдік сапарын қабылдау – үлкен мәртебе. Алда да тәжірибе алмасып, достық, серіктестік қарым-қатынасты сақтайтын боламыз. Осы кезден айтып қояйын, Абай атындағы театр мен "Астана Опера" театрлары арасында еш бәсекелестік жоқ".

Алматдыға гастроль аясында Ресейдің халық әртісі Юрий Александровтың қойылымындағы қазақ операсының маржаны – «Бiржан-Сара» ұсынылады. Ал көрнекті композитор Сергей Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі жас көрерменді қуантады. «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрінің концерті де күтілуде. Одан кейін көпшілік назарына ерекше Гала-концерт ұсынылмақшы. Хор өнерін сүйетін қауым ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін «Астана Опера» камералық хорының концертін тамашалай алады. Алматылық көрерменнің француздың қоюшы хореографы Шарль Жюдтің қойған «Ромео мен Джульетта» балетін тамашалау мүмкіндігі де бар. Камералық музыкаға құмар жандарға арналған концерт те өтеді. Ал Ресейдің халық әртісі Борис Эйфман қойған «Роден» балеті алматылық көрермен назарындағы соңғы қойылым болады.

Айта кетсек, осыдан кейін келесі гастроль 8 наурыз күні Санкт-Петербургтегі Марин театрына жоспарланған. Алда Нью-Йорк, Лондон, Париж театрларына гастрольға бару жоспарда екен. 

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 ақпан 2014, 18:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.