Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Астана Опера" Алматыда қонақта

"Астана Опера" Алматыда қонақта

Ақпан айының 4-10 аралығында «Астана Опера» театры гастрольдік сапармен Алматы қаласына келеді. Оңтүстік астананық көрермені елордалық театрдың үздік қойылымдарын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры сахнасында тамашалайтын болады.

Гастроль бағдарламасы да жарияланып үлгерді. Сіздер алғашқы, яғни, 4 ақпан күні Ресейдің халық әртісі Юрий Александров сахналаған "Біржан-Сара" операсын тамашалай аласыздар.

5 ақпанда белгілі композитор Сергей Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі қазақ тілінде қойылады. Бұл шара бөбектерге арналған болса, ересектер кешкісін «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрінің концерттік бағдарламасына шақырылады.

6 ақпан күні сіздер үшін арнайы дайындалған Гала-концертке барыңыздар.

7 ақпан күні хорды сүйіп тыңдайтын қауымның құрметіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін «Астана Опера» камералық хорының концерті ұсынылады.

8 ақпан күні француздың қоюшы хореографы Шарль Жюдтің қойған «Ромео мен Джульетта» балетін тамашалау мүмкіндігі беріледі.

9 ақпан күні Камералық музыкадан концерт өтеді.

10 ақпан күні ел төрінен келген өнерпаздар Ресейдің халық әртісі Борис Эйфман қойған «Роден» балеті арқылы алматылықтармен қоштасатын болады. 

"Астана Операны" бірге қарсы алайық!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: kapital.kz

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 16 қаңтар 2014, 15:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.