«Астана Опера» камералық оркестрі мен аспапты ансамбльдерінің тұсауын кеседі

«Астана Опера» камералық оркестрі мен аспапты ансамбльдерінің тұсауын кеседі

20 қараша күні Астанадағы әлемдік деңгейдегі «Астана Опера» театрында «Астана Опера» ұсынады» шарасының аясында, камералық оркестр мен аспапты ансамбльдердің тұсауын кесетін концерт өтеді. 

Кеш бағдарламасында В. Моцарттың, К.М. Вебердің, Э. Григаның, Й. Штраустың, Н. Римский-Корсаковтың, Ф. Пуленканың, А. Пьяццолланың, А. Федяниннің, А.Ильинскийдің және басқалардың шығармалары орындалады. Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы» концерттің негізі болмақ. Театр бұл шығармамен 2 жарқын жас ұжым: «Астана Опера» театрының камералық оркестрі мен соқпалы аспаптар ансамблінің тұсауын кеседі. Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы» Қазақстанда сирек орындалатын туынды. Ол ішекті және соқпалы аспаптардың ерекше серпінмен теңдесуін және орындалу әсемдігінің үйлесімділігін талап ететін тамаша сезімтал шығарма.

Концерттің екінші жартысында тыңдарманды симфониялық оркестрдің аспаптарымен жақынырақ таныстыратын камералық ансамбльдер – дуэттер, трио, квартеттер, квинтеттер, виолончельшілер ансамблі, валторн хорының орындауындағы жағымды тосын сыйлар күтеді. Аталған ансамбльдің музыканттары театрдың симфониялық оркестрінің әртістері.

Концертке дирижерлық ететін әрі жүргізетін – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. «Астана Опера» театрының музыкалық жетекшісі аталған жобаның бүгінде оркестрде жиналған жоғары дәрежелі музыканттардың жақсы шығармашылық амбициясын жүзеге асыруға арналғанын атап өтті.

Концерт 1 сағат 20 минутқа жалғасады. Билет бағасы 1 500 тг.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

С. А