Әлемдік балет жұлдыздары Қазақстанда!

Әлемдік балет жұлдыздары Қазақстанда!

Қараша айының 24 жұлдызында ресейлік Үлкен және Мариин театрының белгілі жұлдыздары Кристина Кретова мен Игорь Колб Алматы қаласында "Аққулы көл" ("Лебединое озеро") қойылымын сахналайтын болады. Бұл туралы season.kz сайты хабарлайды.

Кристина Кретова (Ресейдің Үлкен театрынан) – Мәскеу мемлекеттік хореография академиясының түлегі. Кезінде "Кремльдік балет" театрында билеген болатын және Мариса Лиепа атындағы қайырымдылық қорының "ХХІ ғасырдың орыс маусымы" жобасына қатысқан. Сондай-ақ, К.С. Станиславский және В.И. Немирович-Данченок атындағы академиялық музыка театрының балеринасы болып қызмет еткен.

Кристина Кретова қазіргі таңда Үлкен театрдың жетекші солисі, көп жылдан бері Галина Уланованың шәкірті Нина Семизорованың басқаруымен түрлі қойылымдарды сахналап келеді. Айта кетейік, Кристина көпшілікке жасы таныс "Болеро" атты жобаға мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Алексей Ягудинмен қатысып жеңімпаз атанған.

Келесі бір жұлдызымыз Игорь Колб – Мариин театрының премьері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (2009), Vaganova-Prix Халықаралық байқауының лауреаты. Әлемдік жұлдыз сансыз халықаралық балет байқауларының жеңімпазы атанған. Оның ішінде "Әлемдік балет жұлдыздары", ""Dance open", "Би патшалары", "Әлемдік балет шеберлері" атты байқаулар бар.

Қойылым Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында сахналады. "Аққулы көлді" көруге асығыңыз!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz, 39turov.ru