«Астана Опера» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

«Астана Опера» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

«Астана Опера» МОБТ 22 қазанда ұлыбританиялық «Опера Еуропа» халықаралық опералық қауымдастықпен (директоры Николас Пэй), оған қоса сегіз әлемдік театр: Опера (ОАР) – басқарушы директоры Роберт Уильямс, Шанхайдың Үлкен Театры (Қытай) – арт директоры Шиджин Ксиан, Лирикалық Опера (Сингапур) – төрағасы Вэн Чон То, Қоғамдық Театр (Италия) – президенті Барбара Мингетти, Де ля Рош академиясы (Франция) – бас директоры Жанетт Астер, Опера және Балет Ұлттық Театры (Болгария) – бас директоры Пламен Карталов, ATER (Италия) – директоры Эмилия Романья, Палиашвили атындағы Грузияның опера және балет театры (Грузия) – әртістер жөніндегі директоры Джорджио Джорданимен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды. Бұған дейін Рим операсымен де меморандумға қол қойылған. Әлемнің жетекші опералық театры «Ковент-Гарденмен» меморандум жасатуға келісім бар екенін де айта кету керек.

Шетелдік серіктестермен ынтымfқтастық мамандар, орындаушылар, ұжымымен екі жақты тәжірибе алмасуда және балет, опера және симфониялық өнер аясындағы аса маңызды оқиғалар, сондай-ақ театрлардың музыкалық және мәдени өмірлері жайлы ақпарат алмасуда үлкен үлес қосады.  

«Астана Опера» МОБТ директоры Төлеген Мұхамеджанов: «Халықаралық арена өкілдерінің бізбен бірігіп жұмыс істеуге тілек білдіргені біз үшін үлкен мәртебе, осылайша біз әлемге есігімізді ашамыз. Ірі театр өкілдері еліміздің бас театрының мүмкіндіктері көп қырлы екенін көрді және бізге үлкен қызығушылық танытты», – деді.

«Астана Опера» серіктестері екі жақтың достық байланысы дамып, нығаюына, балет, опера және симфониялық өнер аясында, театрлық-қойылымдық қызметте мәдени тәжірибе алмасуға, солисттер мен шығармашылық ұжымдар арасында гастрольдер ұйымдастыруға себепші болатынына сенімді.

«Астана Опера» театры мүшесі болып келетін «Опера Еуропа» (Ұлыбритания) халықаралық  опералық қауымдастығының директоры Николас Пэйн театрмен алда атқарылатын жұмыстар және жоспарлар жайлы айтып берді. 

«Мен «Опера Еуропа» атты ұйымымның атынан «Астана Опера» театрына барынша қолдау көрсетуге келдім. Әр театрдың орны бөлек. Біздің ұйымымызға 135 театр мүше және олардың әрқайсысының өз көрермені бар. Ал «Астана Операға» келетін болсақ, менің ойымша, театр Еуропаның басқа да елдерімен серіктестік құра алады, осы тұрғыда біз қуана көмектесеміз. Болашақта біріккен қойылымдар ұйымдастыру немесе сарапшы кәсіпқой мамандарымен алмасу ойда бар. «Астана Опера» театрының директоры немесе өзге өкілдері біз ұйымдастыратын конференциямыздың біріне келіп қатысса, басқа елдің опералық театрлардың мамандарымен кездесе алады. Бұл ақпарат пен тәжірибе алмасып, серіктестікке жол ашатын керемет мүмкіндік», – дейді Николас Пэйн.

Болашақта «Астана Опера» театрының басшылығы өзге де әлемдік театрлармен серіктестікті кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

С. А