«Астана Операда» әлемдік премьера аясында гала концерт өтеді

«Астана Операда» әлемдік премьера аясында гала концерт өтеді

"Астана Операда" әлемдік премьера аясында бүгін, 22 қазан күні гала концерт өтеді.

Гала-концертке классикалық музыканың жұлдыздары: Елена Образцова, Денис Мацуев, Сергей Накаряков, Ильдар Абдразаков, Анна Маркарова, Сергей Крылов, Ольга Перетятько, Майра Керей, Медет Чотабаев, Альфия Каримова, Абзал Мухитдинов және басқалар қатысады.

Орындаушылар "Астана Опера" театрының сахнасында өнер көрсетуге қуанышты екендігін айтты. Елена Образцова театрдың керемет архитектурасын атап өтіп: "Суретшілердің жұмысы керемет, залдарының әрленуі көздің жауын алады". КСРО-ның халық әртісі жаңа театрдағы "Атилла" операсының премьерасынан алған әсерімен бөлісіп: "Опера жоғары еуропалық деңгейде өтті. Әйелдер де, еркектер де хоры тамаша. Ильдар Абдразаков пен Анна Маркарова жақсы өнер көрсетті, маған әсіресе Жан Тапин ұнады. Оның итальян тілі мінсіз. "Астана Операсының" болашағы зор", – деп ол жаңа ашылған театрға жақсы орындаушылар мен дарынды дирижерлер көбейсін деген тілек айтты.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: yvision.kz

С. А