Қазақстанға опера жұлдызы Ильдар Әбдіразақов келеді

Қазақстанға опера жұлдызы Ильдар Әбдіразақов келеді

Әлемдегі ең үздік бас иесі Ильдар Әбдіразақов 21 қазанда «Астана Опера» сахнасында Дж. Вердидің «Attila» операсының бас партиясын орындайды. Бұл туралы Massaget.kz порталына театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Қойылымның толық құрамдағы дайындығы Ильдар Астанаға келген күннен басталады. Ол Елордаға 14 қазан күні ат басын бұрмақ. Атақты опера әншісінің Аттиланы сомдауға шақырылып отырғаны кездейсоқ емес. Опера орындаушысына әлемдік даңқ дәл осы рөлді орындағаннан кейін келген болатын. 

Ильдар Әбдіразақовқа «Астана Опера» театрында өнер көрсету ұсынысы маэстро Гергиевтен түскен.

Опера әншісі әлемдік опера мәдениетінің бұрынғы кеңес кеңістігіндегі опералық мәдениеттен айырмашылығы бар екенін айтады. «Бұрын біз «өз кеңестік қазанымызда қайнасақ», енді біздің «қақпағымызды ашты, тыныс ала бастадық». Шекаралар ашылды, шетелге шығатын болдық, еуропалық репертуармен танысамыз, оны орындаймыз, өнер көрсетеміз, еуропалықтар да өз кезегінде біздің театрымызға келеді, бізден орыс репертуарларынан опера орындауды үйренеді. «Attila» операсына келер болсам, мен ол операны үздік өнер иелерімен бірге орындадым. «Метрополитен-операда» Риккардо Мутимен шырқадым, Мариин театрында Валерий Гергиевпен, сондай-ақ Аттиланы ұлы Пьер Луиджи Пиццидің қойылымында «Рим операсында» Риккардо Мутимен орындау бақытына ие болдым. Дж. Вердидің операсында басты кейіпкер рақымсыз емес, көбіне басқыншы кейіпте көрінеді. Мен Аттиланы сомдауда септігін тигізетін Дж. Верди мен либреттистер Т. Солер мен Ф. Пьяве жазған мәтін мен музыкаға қарап орындаймын», – дейді ол. 

"Астана Опера" театры

Сондай-ақ қазақ халқымен танысу ол үшін маңызды екенін әлемдік дәрежедегі әртістің мына сөздерінен байқауға болады: «Мен бұл әсем қала жайлы, оның тамаша да мейірімді адамдары – ақсақалдары жайлы  көп естідім. Енді міне, менің де жолым болып, ұлы қазақ халқымен танысудың сәті түсті. Және Қазақстанда менімен тегі бірдей адамдар көп екенін білемін. «Астана Опера» театрының суреттерін көріп үлгердім, ол өте әдемі. Оның әлемдегі үздік театрлардың бірі атануына барлық мүмкіндігі бар деп ойлаймын».

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: peoples.ru, "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
Ғалымдар қазақ халқының генін зерттеуге кірісті
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Биікте"
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты