"Астана Опера" онлайн концерт ұсынады

"Астана Опера" онлайн концерт ұсынады

Биік өнердің бағасына жеткен көрермен! Жіберіп алмаңыз! Бүгін 19:00-де "Астана Опера ұсынады" ("New age of classics") абонементтер топтамасының аясында классикалық музыкадан "№1 концерттің" онлайн-трансляциясы болады. Бұл туралы Massaget.kz-ке театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

Концертте белгілі опера солисттері Жаннат Бақтай, Айгүл Ниязова, Әлфия Кәрімова, Гүлзат Дауырбаева, Дина Хамзина, Жанат Шыбықпаев, Талғат Мұсабаев, Байғали Момбеков, Маргарита Дворецкая мен атақты баритон Азамат Жылтыркөзов және басқалары ән шырқайды.

Кеште В. А. Моцарт, Р. Вагнер, А. Бойто, Дж. Верди, Дж. Россини, Ж. Массне, П. Чайковский және басқалардың шығармалары шырқалады. 

Концертті  TengrinewsTV порталынан тамашалай аласыздар.                

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Астана Опера театрының баспасөз қызметі, Ардақ Құлтай

М. Оңғарова