Алматыда жаңа театр шымылдығын түрді

Алматыда жаңа театр шымылдығын түрді

Мәдениет пен өнер ошағы атанған Алматы қаласындағы театрлар қатары тағы да бір ордамен толықты. Сенбі күні ғана алғашқы қойылымдарын көрермен назарына ұсынған театрдың атауы – "Datheatre".

Неміс қаламгері Бертольд Брехтің ""Иә" деп айтушы. "Жоқ" деп айтушы." аталатын шығармасына сыншылар мен көрермендер жоғары баға беріп отыр. Жалпыға ортақ ережелерді бұзбастан, қалай таңдау жасауға болады және ережеге қайшы келсең не істейсің? Көппен бірге боласың ба әлде жүйеге қарсы шығасың ба? Ақыл жеңе ме, жүрек пе? Қойылым актерлері дәл осы сауалдарға жауап іздеуге шақырады.

Қойылымның бірінші бөлімі – неміс тілінде, екінші бөлімі – орыс тіліндей қойылған. Тіл білмеген көрермен актерлардың эмоциялары арқылы бәрін де түсіне алады. Аталған қойылым біршама уақыт бұрын Германияда қойылған екен.

Театр ұжымы әлі жас, дегенмен, олар Чехияда өткен Халықаралық фестивальде (60 ел қатысқан) өнер көрсетіп үлгерді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz