"Астана Опера" көрмеге шақырады

"Астана Опера" көрмеге шақырады

«Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері қарсаңында, 16 қазанда Ресейдің Үлкен театрының мұражайы мен италиялық «La Fenice» мұражайы қорларының «Ұлы есімдер» атты көрмесі өтеді.

Үлкен театрдың мұражайы сахнасында өнер көрсеткен көрнекті опера мен балет әртістеріне арналған «Ұлы есімдер» атты көрмені ұсынады. Көрермендер назарына XIX – XX ғасырдағы театр қойылымының бірегей 27 костюмі қойылады. Барлық костюмдердің тарихи және мәдени құндылығы жоғары. Олар паршадан бастап, жібекке дейін әртүрлі матадан тігілген.    

Әлемге әйгілі опера және балет тұлғалары киген костюмдер тізбегі экспозицияның өзегі болып табылады. Экспонаттар ішіндегі ең маңызды әрі көрнектісі: Г. С. Уланованың «Ромео мен Джульетта» балетінде киген Джульеттаның костюмі, М. М. Плисецкаяның 1972ж. «Анна Каренина» балетіндегі Анна партиясының костюмі, Г. П. Вишневскаяның 1970ж. «Патша Қалыңдығы» операсы Марфа партиясындағы костюмі, «Шерткіш» балетінде Владимирова мен Васильева киген костюм, О. В. Лепешинскаяның 1950ж. Р. Глиэрдың «Қызыл Көкнәр» балетіндегі Тао-Хоа партиясындағы костюмі. 

Мұндағы әр костюмнің өз тарихы бар, оны көрмеге келгенде біле аласыз.

Ресейдің Үлкен театрының экспонаттарымен қатар көрмеде «La Fenice» (Венеция) театры әкелетін, «Attila» (1846ж) операсының бірінші қойылымы кезіндегі бірегей экспонаттар қойылады. «Көрме тарихи мазмұны, ақпарат пен суреттер алтын рамада бірге өмір сүретін көркем экспозицияны паш етеді», - дейді ұйымдастырушы Лаура Каппола. Тамашалауға Дж. Верди қойған бірінші «Аттила» опералық қойылымының 1846 жылғы плакаты мен фотосы, сондай-ақ Дж. Вердидің партитурасының қолжазбасы және басқа осы операмен байланысы бар мұражайлық құндылығы бар материалдар қойылады.

Көрмені «Астана Опера» жас театрының «Алғаш қаланған тасынан бастап, бүгінге дейінгі тарихымен» таныстыратын фото стендтер түйіндейді.

Театрлар мұражайы – өткен жүзжылдықтағы театр өмірінің атмосферасын, энергетикасын сіңіріп алған заттарды бүгінгі көрерменге жеткізуге көмектесетін, керемет өткен шақты, жақында болған күндердің шырақшысы. Аталған көрме «Астана Опера» (Қазақстан) театры жас мәдени ошағы мен әлемдегі ескі театрлардың бірі  «La Fenice» (Италия) мен Ресейдің Үлкен театры арасындағы байланысты жақсартуға септігін тигізіп, опера өнерінің мәңгілік екенін көрсетеді.  

«Ұлы есімдер» көрмесіне келген әрбір адам театр әлемінің өткен дәуіріне үңіліп, жағымды эмоцияға бөленеді. Көрме 16 қазаннан 23 желтоқсанға дейін жүреді. Мұражайдың жұмыс кестесі: дүйсенбі - жұма сағ. 11.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-16.00 аралығында. Билет бағасы – 1000 теңге. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: Астана Опера театрының баспасөз қызметі

М. Оңғарова