Үлкен театр - аты әйгілі өнер ордасы

Үлкен театр - аты әйгілі өнер ордасы

Үлкен театр (Большой театр) – дәстүрлі өнер мен әлемдік музыкалық мәдениетінің орталығы болып саналатын Ресей елінің басты ұлттық театры.

 Шығармашылық миссиясы

 XIX-XX ғасырлардағы музыкалық театрдың үлгісі және Ресейдің опера-балет жанрының дамуына үлесін қосатын жаңа туындалар театр репертуарының артықшылығы болып табылады. Театр репертуарының 70%-ы отандық сазгерлерді шығармашылығы, болашақта да осы ара-қатынас сақталады.


Үлкен театрдың репертуары үш бағыт бойынша қалыптасады:

- XIX-XX ғасырлардағы ұлттық музыкалық театрдың классикалық біртуар шығармалары: Чайковский "Мазепа", "Евгений Онегин" және "Пиковая дама", Мусоргский "Хованщина" және "Борис Годунов", Римский-Корсаков "Сказание о невидимом граде Китеже и деве Февронии", Прокофьев "Игрок", "Огненный ангел" және "Война и мир", Шостакович "Леди Макбет Мценского уезда" опералары мен Прокофьев "Ромео и Джульетта" және "Золушка", Шостакович "Светлый ручей", "Болт" және "Золотой век", Асафьев "Пламя Парижа", Леонид Мясиннің балеттері;

- басқа елдердің ұлттық опера және балет мектептерінің туындылары: Верди "Макбет", "Фальстаф", "Аида", Пуччини "Турандот" және "Мадам Баттерфляй",Вагнер "Кармен" Бизе, "Летучий голландец", Моцарт "Волшебная флейта", Бетховен "Фиделио", Р. Штраус "Саломей", Джон Ноймайер "Сон в летнюю ночь", Флеминг Флиндт "Урок", Твайлы Тарп "В комнате наверху", Джордж Баланчиннің жеті балеті және басқа да шетел хореографтардың балеттері;

- музыкалық театр жанрының дамуына ықпал ететін жаңа шығармалардың орындалуы, бүгінгі опера мен балетке тапсырыстың болуы (Десятниковтың "Дети Розенталя" операсының әлемдік премьерасы, Кристофер Уилдонның "Misericordes" балет қойылымының әлемдік премьерасы, қазіргі ресейлік хореографтардың шығармашылық кештері).

 Театр репертуарды байыту мен толықтыру қажет деп есептейді. Бұл жағдайда әр маусым сайын 3 балет мен 2 опера қоюды жоспарлауда. Театр ұлттық өнерді жалғастыруға әрі оны сақтауға міндетті. Театр репертуарында міндетті түрде ұлттық музыка мәдениетінің «Алтын қоры» болу керек. «Алты қор» қазіргі театр өнерінің, музыка саласының жаңа мүмкіндіктерімен қатар дамып, жаңарып тұруы қажет. Осы мүмкіндіктер арқылы Чайковский "Мазепа" және "Евгений Онегин", Глинки "Руслан и Людмила", Шостакович (алғашқы редакция) "Леди Макбет Мценского уезда" опералары, Шостакович "Светлый ручей", "Болт", "Золотой век" балеттері жаңартылып, сахнада қайта қойылды. Сонымен қатар, Үлкен театр аты ұмытылып бара жатқан опералардың бірі "Борис Годуновты", классикалық және кеңес хореографияның айнасы «Корсар» (Мариус Петип) пен «Пламя Парижа» (Василий Вайнонен) балеттерін көпшілік қауымға ұсынды.

 

Әлеуметтік миссиясы

Үлкен театр отандық классикалық шығармаларды, шетел музыкалық мәдениетінің біртуар шығармаларын, камералық және симфониялық концерттерді отандық көрермендерге ұсынады. Театрдың ерекшелігі гастрольдік сапарлар емес, керісінше жаңа қойылымдарды шығару мен оларды көрермендерге ұсыну болып табылады.

Ресей азаматтарының әрқайсысына үлкен жеңілдің жасалған. Мысалы, билеттердің 20%-ы 50 рубльден сатылады. Сонымен қатар, студенттерге жеңілдіктер қарастырылған: ЖОО күндізгі бөлімінде оқитын студент билетті 20 рубльге сатып ала алады. Студенттер үшін әр спектакльге қырық билет жеңілдікпен сатылады.

Театр қоғам талабын қанағаттандырып қана қоймай, көрермендер талғамын анықтап, публиканы әлемнің үздік музыкалық театрларының жетістіктерімен таныстырады. Осы арқылы Үлкен театр мемлекеттік дәрежедегі мәдениет саласындағы әлеуметтік миссияны орындайды.

Форумда талқылау

Фотосуреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ