"Астана Опера" театрының онлайн көрсетілімін жіберіп алмаңыз

"Астана Опера" театрының онлайн көрсетілімін жіберіп алмаңыз

Бүгін, яғни 1 қазан күні "Астана Опера" театрының камералы залының ашылу рәсімі өтеді.  "Барокко данышпаны" гала-концертінің басты қонағы – Дариға Назарбаева болатынын айтып өткен болатынбыз. Ол пианист Тимур Орманшеевтің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Барокко музыка дәуірінің туындылары шырқалатын кеште Георг Фридрих Гендель, Иоганн Себастьян Бах, Антонио Вивальдидің әуендері көрермендердің құлақ құрышын қандырмақ. 

Концерт Tengrinews.kz/tv арқылы онлайн түрде көрсетілетінін тағы бір мәрте естеріңізге салып өтейік. Бүгін сағат 19-00-де Tengrinews.kz/tv порталы арқылы "Астана Опера" театрының ішінде отырғандай әсерге бөленуге асығыңыз! 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: "Астана Опера" театрының баспасөз қызметі

М. Оңғарова