Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрында ән шырқайды

Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрында ән шырқайды

Театр әлемін дүр сілкіндіріп, 21 маусымда шымылдығын түрген "Астана Опера" театры халықаралық музыка күні қарсаңында биік өнердің қадіріне жеткен көрермендеріне тосын сый әзірлеп отыр. 2013 жылдың 1 қазанында театрдың камералы залы ашылмақ. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады. 

250 орны бар зал камералы музыка концерттерін өткізуге арналған. 

Камералы залдың ашылуына орай, "Астана Опера" театры Георг Фридрих Гендель, Иоганн Себастьян Бах, Антонио Вивальдидің музыкаларымен көрермендердің құлақ құрышын қандырмақ. 

"Астана Опера" театрының ішкі көрінісі

Концертте Айман Мұсақожаева, Талғат Мұсабаев, Жан Тапиндермен бірге, Бақытжан Мұсақожаевтің дирижерлігімен "Солистер Академиясы" мемлекеттік камералы оркестрі және Львов мемлекеттік филармониясының бас дирижері Айдар Торыбаев өнер көрсетпек. 

Сондай-ақ, пианист Тимур Орманшеевтің сүйемелдеуімен Дариға Назарбаева сахнаға шығады деп күтілуде. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: rus.azattyq.org, sko.assembly.kz 

М. Оңғарова