Семейлік театр актерлері шатырда өнер көрсетті

Семейлік театр актерлері шатырда өнер көрсетті

Семей қаласында "Театр шатыр мен сахнада" деген атпен жаңа театрлық маусымның шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Абай атындағы және Достоевский атындағы екі театрдың ұжымы 1 қыркүйек күні жаңа театрлық маусымның ашылу салтанаты кезінде көрермендерге тосын сый жасамақ болған. Бұл үшін актерлер театрдың шатырында өнер көрсетуді ойластырған. Бірнеше метр көрермендерден жоғары тұрып қос театр ұжымы классикалық қойылымдардан үзінділер ойнады.

"Шатырда ойнауға ешкім де қарсы болмады. Өйткені олар актерлер ғой. Оларға қойылымға арналған сахна түсіп шығуға, көтеріліп төмендеуге ыңғайлы. Сондықтан оларға шатырда өнер көрсету де қиынға соққан жоқ", - дейді Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театрының директоры Яков Горельников.

Шатырда өткен таңғажайып театрлық маусымның ашылуынан кейін театр ұжымы көрермендерді ішке кіруге шақырған. Ғимараттың ішіне кірген көрермендер нағыз театрдың өмірімен танысты. Костюмдердің қайда тұратындығына, актерлердің қайда киініп, дайындалатындығына және жарық пен дыбыс қай жақтан басқарылатындығына да куә болды. "Театр маусымын 1 қыркүйекте ашу - облыстық мәдениет басқармасының шешімі. Ұжым мұны да дұрыс деп қабылдады. Бұрындары маусым жаңа қойылыммен қыркүйек айының соңында не қазан айында ашылатын", - дейді Горельников.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: tengrinews.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен