Филармонияның 79-шы концерттік маусымы ашылмақ

Филармонияның 79-шы концерттік маусымы ашылмақ

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы 79-шы концерттік маусымының ашылатынын хабарлайды.

Бұл маусымның алғашқы айында арфа музыкасы кеші, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр мен Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің және украиналық дирижер Айдар Торыбаевтың концерті өтеді.

Филармонияның жаңа маусымы қыркүйектің 6-сы күні ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концертімен ашылады. Дирижер - Татар КСР-інің халық артисі, Ресейдің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Ренат Салаватов. Концертте трубашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Жасұлан Әбдіхалықов өнер көрсетеді. Маусымашар кеште қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлар шығармалары орындалады.

79-шы концерттік маусым ашылардан екі күн бұрын филармонияда арфа музыкасының кеші өтеді. Халықаралық байқаулардың лауреаттары, арфашы Айдана Қарашева мен қобызшы Әйгерім Қарсақбаевалар батыс классиктерінің туындыларын тыңдауға шақырады. Қыркүйектің 9-ы күні классикалық музыка табынушылары ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің 24-ші маусымының ашылуына арналған концертті де тамашалай алады. Кешке тайваньдық музыкант, трубашы, дирижер Ие Шу Хан қатысады. Биылғы маусымның алғашқы айында филармонияда украиналық дирижер Айдар Торыбаевтың концерті де болады, солистер - швециялық виолончельші Томас Лундстрем мен оның отандасы, фортепианошы Ильнара Салаватова.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

Сурет: nur.kz

А. Құлтай