Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Сыған серенадасы" музыкалық драмасы

"Сыған серенадасы" музыкалық драмасы

«Сыған серенадасы» - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді.

Белгілі ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбай драма саласына кеш келгенімен, «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын дүниеге әкелген. Бұл қойылым Қазақтың М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көрсетілген соң, Қазақстанның басқа қалаларындағы өнер ордаларының репертуарларынан орын тапты. Қара шаңырақта шығарманың сахналауына Есмұхан Обаев пен Төлеубек Аралбай ықпал етті.

Шәмшінің сезім серпілтер көп шығармаларының ішіндегі «Сыған серенадасы» әнінің болмысы бөлек. «Сыған серенадасы» ұлы сазгердің көзі тірісінде кеңінен тарала қоймаған. Көп ұзамай бұл әнді сахна төріне әнші Тоқтар Серік алып шығады.

Атақты адам жайлы аңыздар көп-ақ. Бәзбіреулер Шәмші табырда жүргенде сыған қызы Изольдаға сырттай ғашық болып, туған десе, біреулер ол сығандармен өмір сүрген дейді.

Шәмші ғұмырының соңғы жылдарында ауруханада көп жатқан екен. Күндердің күнінде қал-жағдайын біліп, Исраил Сапарбай барып, «Сыған серенадасы» әнінің туу тарихын сұрайды. Өткен күндерді еске алғысы келмеген Шәмші ақын інісіне былай деп жауап қатыпты: «Ол ұзақ әңгіме. Мені қинамашы. Мен оқудан шығып қалғанда, төрт-бес жігіт сыра ішіп, вокзал жақта жүрдік. Алдымыздан үш-төрт сыған қызы шығып, табырға шақырады. Екі-үш табырда жүрдім. Осыдан басталды барлығы, айналайын». Кейін Исраил Сапарбай біраз ақпараттарды арқау етіп, өз қиялына ерік беріп, шығарманы жазып шығады.

Суреттер: kazpravda.kz, westkaz.kz

14242 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 03 сәуір 2012, 12:26
Пікірлер
+0
03 сәуір 2012, 14:07

Осы спектакль маған ұнамады шын айтсам...

+0
03 сәуір 2012, 19:33

Бекжан Тұрыс пен Назгүл Қарабалинаның ойнағаны көңіліме жақпады. Шынар Жанысбекова мен Ерлан Біләл мықты актерлер. Изольда мен Шәмші бейнелерін шынайы көрсете білді. Тамаша!

+0
04 сәуір 2012, 13:45

мен әлі көрмегем

+0
04 сәуір 2012, 17:02

Қазір кім ойнап жүр екен.Осыдан 3жыл бұрын өлердей ұнатқан туындым еді.Актерлер керемет ойнаған,қазір 3ай болды бара алмай жатқаныма

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...