Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Театр көктемі - 2012" фестивалі мәресіне жетті

"Театр көктемі - 2012" фестивалі мәресіне жетті

Бүгін  Халықаралық театр күні. Бұл күні сахна саңлақтары төл мерекелерін атап өтіп, өмірден өткен өнер майталмандарын еске алып, олардың рухына тағзым жасайды.

Мереке қарсаңында қара шаңырақ М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жыл сайынғы «Театр көктемі - 2012» фестивалі өз мәресіне келіп жетті. Фестиваль аясында театр сахнасында жаңа қойылымдар көрсетіліп, өнер шеберлерінің еңбектері бағаланды.

Биылғы фестиваль КСРО халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Шолпан Жандарбекованың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Жыл сайын ұйымдастырылатын шараның жабылу салтанатында тәуелсіз қазылар алқасы жаңадан тұсауы кесілген бес қойылымның әртістері мен режиссерлерін он алты аталым бойынша марапаттады.

«Тұсаукесер» жүлдесімен «Тендерге түскен келіншек» қойылымындағы Сергей рөлін сомдаған жас әртіс Жанат Тыңбаев;

«Үміт» жүлдесімен «Жаужүрек» қойы­лымындағы Цирк директоры рөлі үшін Бауыржан Маңжігітов;

«Есте қалар кейіпкер» жүлдесімен «Қи­лы заман» қойылымындағы Рахымбай рөлі үшін Жалғас Толғанбай мен «Қыз мұңы» қойылымындағы Генерал рөлін сомдаған Ерлан Біләл;

«Ұлттық болмысты нанымды бейнелеген» жүлдесімен «Қилы заман» қойылы­мындағы Қара жаулықты ана рөлі үшін Күнсұлу Шаяхметова;

«Кейіпкерге сүйіспеншілік» жүлдесімен «Тендерге түскен келіншек» қойы­лы­мындағы Сағила рөлі үшін Дәрия Жү­сіп; 

«Заманмен үндес кейіпкер» жүлдесімен «Қыз мұңы» қойылымындағы Ғазиз рөлі үшін Азамат Сұрапбай;

«Сахналық үйлесім, актерлік дуэт» жүл­десі - «Империядағы кеш» қойылы­мындағы Айдар Сейітқалиұлы рөлі үшін Руслан Сенкебаев пен сол қойылымдағы Ұлжалғас рөлі үшін Нұржан Бексұлтанова;

«Сахналық үйлесім, актерлік дуэт» жүлдесімен «Жаужүрек» қойылымындағы Троицкий рөлі үшін Дулыға Ақмолда мен аталған қойылымдағы Екатерина бейнесін сомдаған Назгүл Қараба­ли­на;

«Сахналық дәстүр сабақтастығы» жүлдесімен «Қилы заман» қойылымындағы Жәмеңке рөлі үшін Бекжан Тұрыс;

«Уақытпен үндескен көркем қойылым» жүлдесімен «Империядағы кеш» қойылы­мының режиссері Алма Какишева мен «Тендерге түскен келіншек» қойылымының режиссері Оразхан Кенебаев;

«Ұлттық рухтағы көркем қойылым» жүлдесі «Қилы заман» қойылымының режиссері Әубәкір Рахимов марапатталды.

Белгілі режиссер, ҚР Халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев «Жаужүрек» драмасы үшін «Эпикалық көркем қойылым» аталымында жеңімпаз деп танылып, бас жүлдеге ие болды.

Суреттер: bnews.kz

3162 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 наурыз 2012, 15:03
Пікірлер
+0
28 наурыз 2012, 11:12

Ерлан Біләлге келісемін

+0
28 наурыз 2012, 11:16

Басқаларына ше? :?

+0
28 наурыз 2012, 11:24

Баскалары есімде қалмапты. Өзім "Тендерге түскен келіншек" пен "Қыз мұңын" ғана көрген ем :oops:

+0
28 наурыз 2012, 11:42

Негізі, Ерлан Біләл мықты актер. Сахнада жанын салады. Өтіріктен ада, пейілі таза адам :!:

+0
29 наурыз 2012, 00:44

Өмір - театр , Жер - сахна , Адам - актер демейме... Өмірдің өзі - ақ театрғой ендеше. Барлығымыз да осы өмірдің актерларымыз.Біреуге бастықтын ал біреуге кедейін рөлін сомдауға берген. Сондықтаң бәрімізде өз рөлімізде ойнап болғаннан соң сахынанын артына кетеміз. Содан кейін ғана ана дүниеде нағыз өмірді сезінеміз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...