Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Астанада Ғ.Мүсірепов театры қала күнінен орай өнер көрсетпек

Астанада Ғ.Мүсірепов театры қала күнінен орай өнер көрсетпек

Астанада Ғ.Мүсірепов театры қала күнінен орай өнер көрсетпек

Астаналық театрсүйер қауым үшін жақсы жаңалық! Енді бас қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына Алматы шаһарында қойылып жатқан жаңа спектакльдерді көру бақыты бұйырмақ. 

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Астана қаласының 15 жылдығына орай 2013 жылдың 24-25 маусым күндері елордаға гастрольдік сапармен бармақ. Алматылық жастар театры К.Байсейітова атындағы Ұлттық Опера және балет театрының сахнасында өнер көрсететін болады. Сапардың алғашқы күні, яғни 24 маусымда (дүйсенбі) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері режисер Талғат Теменовтың "Ай-Қарагөз..." (авторы - М. Әуезов) атты трагедиясын сахналайды. Ал 25 маусым күні (сейсенбі) жақында ғана тұсауы кесілген "Шығыс хикаясы" атты музыкалық комедияны қояды. 

 "Ай-Қарагөз..."

Театр маусымы ашылысымен-ақ  Мүсірепов театры "Қарагөз" трагедиясын қайта жаңғыртты. Трагедиядағы Қарагөз рөлін Аида Жантілеуова сомдайды. 

"Ай-Қарагөз..." спектаклін сахналаған шығармашылық топ:

Қоюшы режиссері - Талғат  Теменов, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық артисі, профессор

Қоюшы суретшісі - Бақыт Сраилов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері

Киім үлгілерінің суретшісі - Индира Ихсан

Хормейстері - Гүлнар Гизатова

Балетмейстері - Құралай Сарқытбаева, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері

Музыкасын құрастырған - Талғат Теменов

Режиссердің ассистенті - Бейбіт Камаранов

Режиссердің көмекшісі  - Әлия Әбсаттарова

"Шығыс хикаясы"

Пушкиннің ертегісі желісі бойынша дайындалған спектакльдің тұсауы кесілгеніне бір апта ғана болды. Қойылым шығыс сазы мен шығыс биі арқылы көрерменді баурай алады. 

"Шығыс хикаясы" спектаклін сахналаған шығармашылық топ:

Авторы және қоюшы режисері - Талғат Теменов, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық артисі, профессор

Қоюшы суретшісі - София Тасмағамбетова

Балетмейстері - Иван Фадеев, «Жаңа Опера» театрының балетмейстері (Мәскеу қаласы)

Музыкамен көркемдеуші - Талғат Теменов

Режиссердің ассистенті - Арай Ырым

Режиссердің көмекшісі - Гүлфайруз Смаилова

Астана күнін театрмен бірге тойлайық, ағайын!

Басталуы: сағат 19.00

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер театрдың сайтынан алынды 

1797 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 04 маусым 2013, 16:07
Пікірлер
+0
04 маусым 2013, 18:57

Астаналықтар қуана баратын шығар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...