Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Бүгін "Театр көктемі - 2012" фестивалі басталады

Бүгін "Театр көктемі - 2012" фестивалі басталады

Бүгін

Бүгін Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында кезекті «Театр көктемі-2012» фестивалі басталады.

«Театр көктемі» - театр қызметінің бағыт-бағдарын айқындауға, шығармашылық ізденістерді жүзеге асыруға, актерлік шеберлікті шыңдауға жол беретін ауқымды шара. Фестиваль Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мен 27-наурыз халықаралық театр күніне орай 1995 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылады. Соңғы жылдары театр басшылығы әр фестивальді өмірден өткен сахна саңлақтарының құрметіне арнайды. Бұл қазақ өнерінің хас шеберлерінің рухына тағзым етіп, олардың еңбектерін жас өнерпаздарға үлгі ету мақсатында жүргізіледі.

Дәстүрлі шара КСРО Халық Әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Шолпан Жандарбекованың рухына арналады. Шолпан Жандарбекова қазақ өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 65 жылға жуық сахна төрінде 200-ден астам рөлдерді сомдаған. Қазақ әйелдерінің бейнесін сомдаған ол өз ғұмырында шәкірт тәрбиелеп, талай актерлердің қанаттануына септігін тигізді.

25 наурызға дейін жалғасатын «Театр көктемі-2012» фестивалі аясында қара шаңырақ сахнасында биылғы, яғни 86-театр маусымында тұсауы кесілген жаңа қойылымдар көрсетіледі.

КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардыңлауреаты, профессор Ш.Жандарбековаға арналған

«Театр көктемі – 2012» фестивалінің ашылуы 

20 сейсенбі

2 сағ.

ЖАУЖҮРЕК

драма 

Д.Исабеков

реж.Е.Обаев

21 сәрсенбі

1 сағ.30 мин.         

ТЕНДЕРГЕ ТҮСКЕН КЕЛІНШЕК

драма

М. Сәрсеке

реж. О.Кенебаев

 

сағ.11-00 

23 жұма

2 сағ.

ҚЫЗ МҰҢЫ

 драма 

И. Сапарбай

реж.Е.Обаев

  Т. Аралбай

23 жұма

2 сағ.

                                 

     "ИМПЕРИЯДАҒЫ" КЕШ    

драма

                                                         

С.Асылбекұлы

реж. А. Кәкішева

 

Премьера

24 cенбі

2 сағ.

                                    

ҚИЛЫ ЗАМАН

тарихи драма

                                                       

М.Әуезов,

Н. Оразалин

реж. Ә.Рахимов 

 

25 жексенбі           

КСРО халық әртісі, 

Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты,

профессор Ш.Жандарбекованы еске алу кеші.

  «Театр көктемі – 2012» фестивалінің жабылуы  

Сурет: teatr-auezov.kz

346 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
07 сәуір 2012, 12:10

көру керек екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...