Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатова дүние салды

Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатова дүние салды

Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатова дүние салды

Кеше, 18 ақпан күні Алаш арысы Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнәр Дулатова 98 жасқа қараған шағында өмірден өтті. 

Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова 1915 жылы 4 қарашада Орынборда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген Гүлнәр Дулатова дәрігер болып қызмет атқарды.  

Әкесі мен шешесінің ортасында еркелеп жүрген сәттерінің бір көрінісі...

"Әкемді ұстап әкеткенде мен 13 жаста едім. Түсте үйге сау етіп 6 адам кіріп келді. Бөл­мелерді жағалай тінтіп, астаң-кестеңін шы­ғарды. Кетерде әкемнің айтқаны: "Есің кіріп қал­ды ғой сенің, Гүлнәрім. Мамаңа сүйеніш бол! Сабағыңды жақсы оқы! Біздің істеген ісі­міз ақ болады. Соған сенемін. Мықты болыңдар!" Осылай деп біздің маңдайымыздан сүйді де, көзімізден тасаланып кетті…" - дейтін Алаш ұлының қызы Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова.

1988 жылдың 4 қарашасында Республика Жоғарғы соты қылмыс құрамы болмағандықтан М. Дулатовты біржола ақтап, шешім шығарды. Әкесі дәл Гүлнәр қызының туған күнінде ақталды! 

Гүлнәр Дулатова әкесі Міржақып және басқа да Алаш зиялылары туралы құжаттарды көзінің қарашығындай жинақтап, жария шығарған алғашқы адам. «Шындық шырағы» және «Алаштың сөнбес жұлдыздары» естелік кітаптарының авторы. 

Әкесі армандаған тәуелсіздік таңын көру бақыты Гүлнәр апайға бұйырған еді. Қаншама Алаш арыстарының көзін көріп, сөздерін тыңдап өскен ғазиз ана 4 бала, 8 немере, 7 шөбере және бірнеше шөпшек сүйді. Ерлан Сатыбалдиев атты баласы “Мек­теп” баспасының директоры.


Күллі алаштың бетке қал­қыған қаймағындай боп жүрген Гүлнәр апайымыз да қайтты өмірден...

"Менің жүрек сәулемнің себезгісі бүгінгі ұрпақтың жан сарайын нұрландыра алса, осы ғұмырымды текке сүрмегендей сезінер едім-ау!" - депті апай бір басылымға берген сұхбатында. 98 жылдық ғұмырыңыз текке кетпеді онда, Гүлнәр апай!


Массагет.кз порталының ұжымы марқұмның отбасы мен ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: egemen.kz, zamandas.com 

13989 12
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 ақпан 2013, 09:28
Пікірлер
+0
19 ақпан 2013, 09:14

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын...

+0
19 ақпан 2013, 09:20

Қаза қайырлы болсын! Ұрпағымен тірі ғой адам мәңгілік...

+0
19 ақпан 2013, 09:22

Қайырлы болсын! Гүлнар апайдың " Ардақтап өтем әкемді" атты естелігін оқып, әбден көзіме жас алып еді! Жақаңа лайықты перзент болды деп айтар едім :(

+0
19 ақпан 2013, 09:53

Алдынан жарылқасын, жаны жаннатта болсын! Бұл кісінің қайтысының өзі бір той екен ғой. Бүгінгі ұрпақ шынымен де бақытты!
Жәркен БӨДЕШҰЛЫ:
...Сен қара жер емессің, сатылып кететін,
Мен Мағжан емеспін, атылып кететін.
Қара жер құндылығы үшін сатылды,
Мағжан сатылмағаны үшін атылды.

+0
19 ақпан 2013, 10:26

Иманы саламат болсын!

+0
19 ақпан 2013, 10:29

Міржақып Дулатов атындағы мектепте оқып едім. осы кісі жиі келіп тұратын. ұрпағына амандық тілеймін.

+0
19 ақпан 2013, 10:42

Алланың мейір, шапағатына бөленсін!

+0
19 ақпан 2013, 12:04

қабірі жарық болсын!

+0
19 ақпан 2013, 13:16

Қайырлы болсын!

+0
19 ақпан 2013, 15:53

иманы жолдасы босын! Асылдың сынығы ғой бұ кісілер

+0
11 шілде 2013, 17:33

Міржақып мәңгі тірі !! Ол кезінде талай қиыншылықтарды көріп біз егемендік алғаннан кейін аты белгілі болды, сонымен бірге қызы Гүлнәрдыңда аты әлемге әйгілі болды, Иманы саламат болсын, жатқан жері жарық болсын, топырағы торқа болсын , бізде қайғыңызға ортақтаспыз!!!
Ақын,сазгер: Серікбай Маханұлы.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...