Қазақтың "Тақиялы періштесі" – Әлімғазы Райнбеков өмірден озды

Қазақтың "Тақиялы періштесі" – Әлімғазы Райнбеков өмірден озды

Қазақ киносында шоқтығы биік "Тақиялы періште" фильмінде басты рөлді сомдаған актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әлімғазы Райнбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған.

1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады.

1966 жылы "Қилы кезең" фильміне түседі.

1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған "Тақиялы періште" (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен танылады.

1968 жылы "Көгілдір такси" фильміне түсті.

1978 жылы "Қан мен тер" фильмінде эпизодтағы рөлді сомдаған.

Саналы ғұмырында барлығы 12 кинофильмге түскен.

Әлімғазы Райнбеков Алматы облысы Көксу ауданының және Алматы қаласының құрметті азаматы, 2016 жылы мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Күллі қазақ жұртына және Әлімғазы атамыздың туған-туысына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. 

Т. Раушанұлы