Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Бақытжан Момышұлы дүниеден өтті

Бақытжан Момышұлы дүниеден өтті

Бақытжан Момышұлы дүниеден өтті

Кеше тоғызыншы желтоқсанда халқымыздың аяулы ұлы Бақытжан Момышұлы аурудан көз жұмды.

Қазақтың қайсар перзенті Бауыржан Момышұлының тұяғы Бақытжан Момышұлы 1941 жылы Алматы қаласында өмір есігін ашқан. Некрасов атындағы N910 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын тәмамдаған. Қысқаша қызметтік жолы - Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып жұмыс жасаған.

Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған қаламгер Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтың, К.Тоқаевтың, т.б. жазушылардың шығармаларын аударды. Бірнеше әңгіме, повесть, романдардың авторы. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Бірнеше медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Әкесі Бауыржан Момышұлына арнап үш кітап жазған. 

Массагет ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

 

Сурет:kultobe.kz, xrest.ru

Материалға kk.wikipedia.org-тан алынған ақпараттар пайдаланылды

3575 16
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 09 желтоқсан 2012, 20:13
Пікірлер
+0
09 желтоқсан 2012, 20:41

Иманды болсын...

+0
09 желтоқсан 2012, 20:44

Қаза қайырлы болсын

+0
09 желтоқсан 2012, 20:46

Жаны жәннаттан болсын!

+0
09 желтоқсан 2012, 20:51

Қазақ тағы бір қайсар ұлынан айрылып қалды...Жаны жәннатта болсын!

+0
09 желтоқсан 2012, 20:58

Алла жұмақты нәсіп етсін!

+0
09 желтоқсан 2012, 20:58

жаннаттық болсын!

+0
09 желтоқсан 2012, 21:07

Иманды болсын!

+0
09 желтоқсан 2012, 21:18

арты кайырлы болсын!

+0
09 желтоқсан 2012, 21:31

Қазақ қайырлы болсын. Ұлы батырдың ұрпағы, қазақтың аймаңдай азаматының бірі өмірден өткен екен. соңғы ұрпағына береке берсін. иманы жолдас болсын ақсақалдың.

+0
09 желтоқсан 2012, 23:00

Алаш жұрты тағы бір арыстай азаматынан айырылды. Шыны керек, сенгім келмейді. Амал нешік, ауру мен ажалға ешкім де төтеп бере алмайды, әттең. Иманы саламат болсын! Бақұл бол, ата!

+0
10 желтоқсан 2012, 00:41

Иманы серік болсын.

+0
10 желтоқсан 2012, 03:22

Асылдық қиығы, алтынның сынығы. :(

+0
10 желтоқсан 2012, 09:01

иманды болсын....

+0
10 желтоқсан 2012, 10:48

Иманды болсын!

+0
10 желтоқсан 2012, 11:52

Жаны жаннатта болсын!

+0
10 желтоқсан 2012, 15:47

Арты кайырлы болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев