31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. 

Өткен ғасырда қазақ халқының басына төнген зардап қаншама қазақтың өмірін қиды, зиялы өкілдерімізді жер аударды, атты. Осының салдарынан қазақ халқының саны азайды. Бұндай қасіретті күндерді болашақ ұрпақ ұмытпауға тиісті.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 31 мамырда қазақстандықтарға арнап үндеу жолдады. Өз үндеуінде Елбасы 1929-1933 жылдары 2 миллионға жуық адам қаза болып, тағы миллионға жуық адам жан сауғалап, елден босып кеткенін, саяси себеппен 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілгенін, Қазақстан аумағында 11 жазалау лагері құрылып, онда сотталғандар мен олардың отбасылары адам төзгісіз қиын жағдайда күн кешкенін атап өткен болатын.

Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің құрсауына ілігіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, түр­мелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.