Жазушы Талғат Кеңесбаев өмірден өтті

Жазушы Талғат Кеңесбаев өмірден өтті
Фото: argymaq.kz

Жазушы, қоғам қайраткері Талғат Кеңесбаев 58 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтпас сапарға аттанды. 

Талғат Кеңесбаев – 1961 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Сарыжал ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей педагогикалық институтын тәмамдаған. Жазушы. Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөзде жарияланды. 1988 жылы республикалық Жігер фестиваліне қатысып, "Француз әтірінің иісі" шығармасымен лауреат атанды. 2017 жылғы "Ұлт болмысы әдеби сыйлығы" байқауының бас жүлде иегері. Тұңғыш кітабы "Француз әтірінің иісі" деген атпен 1990 жылы жарық көрген.

Осы уақытқа дейін жазушының "Моцарт", "Гауһар", "Шың", "Түнде ұшқан қаршыға", "Түн құсының мұңлы үні", "Ойшоғыр", "Үнсіз нота", "Лениннің бәтенкесі", "Көкпар" сынды роман, повесть, әңгімелері түрлі басылымдарда жарық көрген.

Т. Раушанұлы