Атақты режиссер Витторио Тавиани өмірден өтті

Атақты режиссер Витторио Тавиани өмірден өтті
Фото: vk.com

Рим қаласында 89 жасқа қараған шағында талантты италиялық режиссер әрі сценарист Витторио Тавиани бақилық болды.

Режиссер осыған дейін ұзақ уақыт бойы ауырған. Оның өмірден өткені жайлы туған қызы хабарлады. Соңғы сапарына ең жақын туыстары мен достары шығарып салады.

Витторио мен оның Паоло есімді інісі кинематография әлеміне 1952 жылы алғаш қадам жасайды. Ағайынды Тавианилер барлық фильмдерін бірге түсірген. Олардың картиналары көптеген кинофестивальдерде жүлделі болды. “Алтын пальма бұтағы” сынды теңдессіз премиямен 1977 жылғы Канн фестивалінде “Қожайын әке” аталатын фильмі үшін марапатталды. 2012 жылы Берлин кинофестивалінде “Цезарь өлуі тиіс” картинасы “Алтын аюға” лайық деп танылды.

А. Оралқызы