Сиқыршы мультипликатор Исао Такахата өмірден өтті

Сиқыршы мультипликатор Исао Такахата өмірден өтті
Фото: vk.com

82 жасқа қараған шағында аса танымал жапон режиссер-мультипликаторы, продюсер және Ghibli студиясының негізін қалаушы Исао Такахата бақилық болды.

Ол өзінің шығармашылық мансабында 30 фильм түсірген. Оған атақ алып келген "Жарқырауықтар моласы" атты туындысы  Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Кобе қаласына тасталған бомбадан аман қалған балалар тағдырынан сыр шертеді.

1959 жылы Такахата режиссер Хаяо Миядзакимен танысады. Екеуі бірлесе аты аңызға айналған Ghibli анимациялық студиясының негізін қалады. Олардың қоржынында "Мононоке ханшайым", "Елес әкеткендер" және басқа да анимациялық фильм-шедеврлер бар.

Такахатаның "Ханшайым Кагуя туралы сөз" аталатын соңғы картинасы 2014 жылы "Оскар" марапатына ұсынылды. Фильмді видеодан тамашалай аласыз.

А. Оралқызы