Алматыда рок-музыкант – Виктор Цойға ескерткіш орнатылады

Алматыда рок-музыкант – Виктор Цойға ескерткіш орнатылады
Фото: vk.com

Рок мәдениет астанасындай боп кеткен Алматы шаһарының Мұқан Төлебаев атындағы көшесінде рок-музыкант – Виктор Цойға ескерткіш орнатылады. Теңдессіз өлеңдер авторы тірі болса, биыл 21 маусымда 55 жасқа толар еді.

Оның шынайылығы миллиондаған адамның жүрегін жаулап, әлі күнге дейін халықтың жадынан жоғалған емес. Тұтас буынның идолы бола білген ол "Кино" рок-тобының лидері ретінде елдің есінде қалды.

Аты аңызға айналған рокерге ескерткіш орнатылатыны туралы Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдары академиясының президенті, музыканттың досы Рашид Нугманов хабарлады: "Ескерткіш Виктор Цой ойнаған "Ине" ("Игла")  кинокартинасының соңғы кадрлары түсірілген Мұқан Төлебаев атындағы көшеде орнатылады. Жоспар жүзеге асса, ескерткіш 2017 жылдың қыркүйек айында ашылады".

А. Оралқызы