Қазақтың белгілі балалар ақыны дүниеден озды

Қазақтың белгілі балалар ақыны дүниеден озды
Фото: qamshy.kz

Шығармашылығын балаларға арнаған жазушы Ескен Елубаев 75 жасқа толуына санаулы күндер қалғанда өмірден өтті. Жазушымен қоштасу ертең сағат 10:00-де Жазушылар одағында өтеді.

Ескен Елубаев — 18 ақпан 1942 жылы, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.

Жазушының «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 — 2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.

Дереккөз: qamshy.kz

Ө. Сансызбай