Француз кинематографының ең әдемі көзі мәңгілікке жұмылды

Француз кинематографының ең әдемі көзі мәңгілікке жұмылды
Фото: vk.com

Кеше француз кинематографының аңызы Мишель Морган 97 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Мишель Морган актерлік мансабының шарықтап тұрған шағында әлемнің ең сұлу бикештерінің қатарында болатын. Ол Жан Габенмен бірге түскен Марсель Карненің атақты "Тұманды жағалау" (1938) фильмі арқылы көпшілікке танымал болды.

Мишель Морган 1946 жылы Ең үздік әйел рөлі үшін Канн фестивалінің премиясымен қоса, “Сезар” және “Алтын арыстан” премияларының иегері. Сонымен қатар, голливудтың Даңк аллеясында оның атындағы жұлдыз бар. 

А. Оралқызы