Британдық рок жұлдызы Джо Кокер дүниеден өтті

Британдық рок жұлдызы Джо Кокер дүниеден өтті

2014 жылдың 22 желтоқсанында британдық рок пен блюздың жұлдызы - Джон Роберт Кокер 70 жасқа келіп, дүниеден өтті.

Джо Кокердің Summer in the City, My Father’s Son, Unchain My Heart, You Can Leave Your Hat On, Now That the Magic Has Gone секілді хит әндерін бәріміз білеміз. Тіпті сол әндерге билеп, қайғырып, ғашық болып жүрген кездеріміз болды. Оның өлеңдері көрермендердің көңілінен шыға білді. Шынайы сезімді суреттейтін әр туындысы қалың жұртқа үлкен тебіреніс қалдырды.

Ол бірнеше дүркін ең атақты сыйлықтардың иегері атанып, 50 жылға жуық өзінің әндерімен халықты қуантқан. Ал негізгі мамандығы - қарапайым британдық газшы. Ол сырахана ашуды армандаған. Және өнер жолында оған үлкен әсер етіп, септігін тигізген - әйгілі «The Beatles» тобы. Бүгінде әлемдік эстрада жұлдыздары әйгілі әншінің қазасына қайғырып отыр.

Назарларыңызға әншінің өнердегі мен өмірдегі достарының сөздерін ұсынамыз.

Көп жылдар ол менің жақын досым болды. Оның науқас екенін естігенде қатты қайғырдым. Ол орнынан тұрмады деуге сену қиын болды. Оның бұл әлемге бергені көп. Ол әрқашан бізге жетіспей тұрады.

Пол МакКартни

Жаның жаннатта болсын, менің ақкөңіл досым. Сен - рок тарихындағы ең мықты әншісің.

Брайан Адамс

Қош бол, Джо Кокер. Ол сияқты ешкім болған жоқ және ешқашан болмайды. Жай музыкалық дәуірдің бір бөлімі бітті.

Бэтт Мидлер

Сөз соңында әншінің әуезді әнін тыңдап, соңғы сапарға шығарып салайық.

Сурет: evening-kazan.ru

Ж. Исакаев