Мемлекет басшысы Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты ақынның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Оның қаламынан туындаған нәзік те отты жырлар әрдайым халқымыздың жан-жүрегін еріксіз баурап алатын. Оның өлеңдерінен өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанының терең қалтарыстарына жіті үңіліп, соны таң қаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да Қазақстан халқы ақиық ақын, тамаша журналист және еліміздің көрнекті қайраткерін ерекше қадірледі», – делінген жеделхатта.

Жеделхатта ақынның қоғам дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградаларына ие болғаны атап өтілген. Халқымыздың өзіне көрсеткен зор сенімі арқасында Фариза Оңғарсынова Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған еді.

Жеделхан соңында Н. Әбішұлы ақынның есімі ұмытылмайтынына, оның шығармалары Қазақстан халқының жадында әрдайым сақтала беретініне сенім білдірген.      

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: baq.kz

М. Оңғарова