Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Атагелді Ысмайыловтың туғанына 90 жыл

Атагелді Ысмайыловтың туғанына 90 жыл

Атагелді Ысмайыловтың туғанына 90 жыл

Талғарым сенің тал шоқың,

Биік тұр шыңның бәрінен.

Көпіре аққан көк суың

Әрі сусын, әрі ем.

 

Тал шоқыңның өрлігін

Шыңына шыққан  біледі

Талғар полкі ерлігін

Рейхті жыққан біледі. 

          (Атагелді Ысмайылов жазған «Талғар» өлеңінен үзінді, 1945 жыл)

Туабітті талант иесі болған, кино мен  театр өнері, дубляж бен теле-радио саласындағы жолын ұлағатты да ұлық, орамды да орайлы ете білген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Атагелді Ысмайыловқа 9 желтоқсан күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Аталған еске алу кешінде сөз сөйлеген зиялы қауым мен шақырылған әріптес іні-қарындастары мен көрермендері. Кеш басталысымен актер жайлы деректі кино фильм көрсетілді. Театр мен киноға үлес қосқан Атагелді Ысмайыловтың өмірі мен өнері жайлы өнертану ғылымының докторы Бақыт Нұрпейіс доклад оқыды. Сонымен қатар Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Фарида Бегенбаева аудан әкімінің құттықтау хатын тапсырып, аудандағы бір көшеге Атагелді Ысмайыловтың есімін беретіні туралы қуанышты хабар жеткізді.

Әкелерінің 90 жылдығы мерейтойы қарсаңында ұлдары Әмір, Амангелді, Асқар Ысмайыловтар ұзақ жыл жұмыс істеген әкелерінің атында Ғ.Мүсірепов театрының актерлері мен техникалық құрамдары арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырып, жеңіске жеткен Еділ Рамазанов, Жомарт Зейнәбіл, Есжан Хамидуллин арнайы бағалы сыйлықтармен табыс етілді.

Атагелді Ысмайылов 1922 жылы 27 желтоқсанда Алатаудың баурайында дүниеге келеді. 1953 жылы Театр училищесін тәмамдап, өнер жолын М.Әуезов атындағы академиялық драма театрынан бастайды. Еңбек етіп жүріп бір себептерімен Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жастар театрына ауысып, М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» - Алтынсарин, Ш.Хұсайынов «Біздің Ғани» - Ғани, Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Қаратай, М.Әуезов «Алуа»-Доғал, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты»- Балта, О.Бодықов «Отырар ертең қирайды»- Шыңғыс хан,  М.Хасенов «Қайсар»- Қасымхан,  Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»- Сталин, А.Островский «Адам аласы ішінде»- Крутицкий, Ә.Тәжібаев «Сағынамын күн сайын»- Қаныш, Саввина мен Тәшеновтің «Қаладан келген қылжақбас»- Байсал, Е.Уахитовтың «Алтын көрсе періште жолдан таяр»- Шал, С.Шаймерденов «Дөкей келе жатыр»- Әділ, С.Балғабаев «Қазақша күрес» - Ғажайып, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» Ысмайыл, С.Мұқанов «Мөлдір махаббат», «Балуан Шолақ», «Ботагөз», «Алғашқы мұғалім» атты тағы басқа қойылымдарда табысты еңбек етті.

А.Ысмайылов ой өрісін шыңдап, шынықтырудан жалықпайтын адам. Өнерге, білімге, ғылымға, жалпы айтқанда кітап оқуға жаны құмар жан еді. осындай ізденімпаздығының арқасында театрда істеп жүріп ҚазМҰУ–ді сырттай оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітіріп алды. С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романына инсценировка жазып, «Алдар Көсе» пьесасы мен өлеңдер жинағы шыққан.

А.Ысмайылов сонымен қатар көптеген кинофильмдерге түсіп, 100 – ден аса театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері мен теле-радиодағы еңбегі сондай-ақ, 1000 –ған дубляждық жұмыстарындағы құлаққа жағымды үні арқылы көрермен есінде сақталған. Ол қазақ және орыс, әлем киноларын қазақ тіліне аударып сөйлеткен жан.

А.Ысмайылов 2003 жылы 22 сәуірде 81 жасына қараған шағында өмірден озды.

Роза Әшірбекова, ҚР халық әртісі:


1960 жылдары Балалар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа келгенде ересектерміз. Аташ, Мәкіл, Қасым ағалар, ең жасы біз едік. Енді міне, үлкендері біз болып қалдық. Ш.Құсайыновтың «Рәбиға» қойылымында Рәбиғаның рөлін Аташ ағаның жылы сөзін айтып, қолтығымнан демегеннің арқасында ойнап шықтым. Ол кісілер рөлде ойнағанда көрермен еңіреп жылап отыратын. Өтірік ойнауды білмеуші еді. Олар сомдаған бейнелер қазақ театр тарихында ұмытылмастай жазылып қалды.

Нұрлан Есімғалиев, «Қазақфильм» АҚ актері:

Атагелді ағамыз 1970-1990 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының дубляж бөлімінде еңбек етті. Дубляжды үлкен өнер деп түсініп, қадірлеп кетті. Ол кісімен бірге еңбек еткен Алтынбек Кенжеков ағамыз болды. Екеуінің есте сақтау қабілеті зор болды. Әрбір кейіпкердің дауысын өзіндік мақаммен, көкіректен қозғап сөйлеуші еді. Сталиннің дауысын салқынқанды, Алдар Көсені ойнақы, өзге де кейіпкерді болмысына қарай түрлендіріп сөйлейтін. Дубляждың өзінде кейіпкердің болмысына енуді сол кісілерден үйрендік. Оларды «дубляждың королі» атаушы еді.

Есім Сегізбаев, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры:


Жалындаған жас кезімізде театрға жұмысқа келдік. Тәжірибелі актерлердің өнерін көргенде «Біздің жайымыз не болар екен?» деп ойлаушы едік. Олар сахнада рөлді ойнап жүрген жоқ, өмірде еркін жүргендей көрінетін. Осылайша қысылып-қымтырылып жүрген кезімде Аташ ағамыз ақылын айтып, жігерімізді қайрады. Көкшетауға барғанда спектакль басталар алдында Аташ ағамыз көрінбей қалды. Бәріміз жүгіріп іздеп, өзен жағасынан тауып алдық. «Мына бір өлеңді бастап жазып, аяқтай алмай жатқаным» деп жайбарақат жауап бергені бар. Атакең сахнада пьеса авторының жазғанын дамытып, түрлендіріп жүретін.

Кәдірбек Демесін, ҚР еңбек сіңірген әртісі:


Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Атагелді Ысмайылов туралы өзімнің білетінім баршылық. 1969 жылы Алматыға келіп өнер институтының театр факультетіне түстім. Содан бері бұл кісі маған таныс. Сол кезде Аташ аға С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатының» негізінде инсценировка жазып, өзі қойып ойнаған адам. Ерекше баурап алатын қасиеті – қазақи үнге, интонацияға, әрбір дыбысқа аса көңіл бөлетін.

1973 жылы театрға келгеннен бастап, Атакеңнің соңынан ердік, атқосшы болдық. Үлкен-үлкен рөлдерді ойнады. Есімде қалған ірі рөлі – «Қызыл орамалды шынарым». Бұрын режисер Мен Дон Ук «Арманым Әселімді» қойған. Сонда шопырлардың біреуін ойнайды. Бір-екі ауыз сөзін характер қылып шығарған шеберлігі сонша, қырылып күлетінбіз. Мұнысы сол кездегі көрерменнің есінде қалды.

Оның басқа актерлерден ерекшелігі – филологияны оқығаны. Сондықтан ол сөйлем құрауға, сөз саптауға, дубляжға аса мән беретін. Атакең өзі жаратылысында жұмсақ, биязылау, жайдары болатын. Құдайға шүкір, балалары ер жетіп әкелерін еске алып халыққа ас беріп жатыр.

Көзім көргені – «Мөлдір махаббатағы» Еркін деген рөлі болды. «Дөкей келе жатырда» да кішкентай эпизодтық рөл болса да халыққа жеткізе білді. 

Жолдаған: театртанушы, Гүлназ Әділғалиқызы

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының мұрағатынан алынды

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2013, 16:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.