ФИФА 209 елдің Туын төмен түсірді

ФИФА 209 елдің Туын төмен түсірді

ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) бұрынғы президенті және бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Нельсон Мандела өмірден озған күні, ФИФА құрамындағы 209 елдің Туын тұғырынан төмен түсірді.

Алдағы уақытта ұлттық құрамалар арасындағы өтетін кездесулер 1 минут Нельсон Манделаны еске алумен басталатын болды. Бұл туралы Халықаралық Футбол Федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 95 жастағы Мандела кеше Йоханнесбургтегі өз үйінде ұзаққа созылған аурудан кейін көз жұмған еді. Ол осыған дейін өкпе дертінен зардап шегіп келген болатын. Сонымен қатар, ФИФА президенті Йозеп Блаттер ОАР-дың бұрынғы көсемінің отбасына көңіл айтты.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: itar-tass.com 

Ө. Сансызбай