Шолпан Жандарбековаға тақта тас орнатылды

Шолпан Жандарбековаға тақта тас орнатылды

Қазақстанның халық әртісі, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО халық әртісі, «Отан» орденінің иегері Шолпан Жандарбековаға ескерткіш тақта орнатылды. М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына ғұмырының алпыс жылдан аса мерзімін арнаған Ш.Жандарбекованың репертуарындағы өз көңіліне жақын кейіпкерлері – Ақтоқты мен сақау кемпір Бүбіхан (Ф.Буляков «Отыз ұлың болғанша…»).

"Бірі – ең алғашқы беташар рөлі болса, екіншісі – ең соңғы халқының алдындағы есеп берер қорытынды бейнесіндей болып қалды. Әсіресе, өзі Ақтоқтыны өнерге қосқан үлесінің ең биік шыңы санайтын" дейді Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, театртанушы Зухра Исламбаева.

Ұлттық классикалық шығармалардағы ару қыздар – Сараны – Тұрар Қозыбағарова, Еңлікті – Шолпан Әлібекова, Қаракөзді – Зура Атабаева, Баянды – Сәлима Саттарова тұңғыш орындаушылар болса, сахнадағы ең алғашқы Ақтоқты – Шолпан Жандарбекова болды.

Тақта тас қою рәсімінде М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан Асанәлі Әшімов, Ерлан Біләл, Шәмшәгүл Меңдиярова, Есмұхан Обаев сынды өнер тарландары қатысты.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығы лауреаты Ерлан Біләлұлы былай дейді:

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың пікірі:

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Суреттер: театр жеке мұрағатынан

M. Auelkhan