Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Айрылып қалды-ау елі Есенқұлдан...

Айрылып қалды-ау елі Есенқұлдан...

Айрылып қалды-ау елі Есенқұлдан...

Бүгін қазақтың белгілі айтыскер ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының лауреаты, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Біржан сал атындағы сыйлықтың лауреаты - Есенқұл Жақыпбек алпыс жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ол 1954 жылы 10 ақпанда Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1990 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Суырып салма ерекше дарынымен танылған Есенқұл 1984 жылы өткен телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды. Ұзынағаш ауылында орта мектепте мұғалім, Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы болып қызымет атқарған.

Есенқұлдың айтыскерлігімен қоса жазба поэзияның орны бір төбе. Алғашқы өлендері 1984 жылы "Жалын" баспасынан шыққан "Қарлығаш" атты жинаққа енді. Одан кейін "Ағымнан жарыламын" (1986), "Біз екеуміз" (1990), "Жеріңе табын" (1994), "Жанқисса" (1996), "Есіл дүние-ай", "Біздің елдің жігіттері" (1999), "Бұл жаз да өтер" (2001) сынды 11 жыр жинағы жарық көрді. Ақынның өзі шығарған әндері «Алдай-ау», «Қара күз», «Жұлдыздар», «Жаздың соңы», "Біздің елдің жігіттері" және басқа да шығармалары жұртшылық арасына кеңінен танымал.

Марқұммен қоштасу 16 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Ұзынағаш аудандық Мәдениет үйінде сағат 10-да өтеді.

Қазақ әдебиетіндегі ауыр қаза талайдың қабырғасын қайыстырып кетті. Ақынның отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

***

"Жазушылар одағының алдында ақ нивасында отырғанда қызыл-қоңыр кітабымды апарып беріп едім. Бір оқыса осы кісі оқиды-ау деген ниетпен. Үмітім алдамапты. Есенқұл ағам тұтастай оқып шығыпты. Көп ұзамай өзі хабарласты. Айтпақшы, өзінен бұрын бір қыз хабарласты. - Есенқұл аға сіздің телефон номеріңізді алды. Қазір хабарласады, - деді. Жол жүріп бара жатқан едім, машинаны тоқтаттым. Есенқұл аға хабарласты. Жылы пікірлерін айтты. Артынша Ұзынағашқа шақырды.

- Қазақтың талай ұлдары дәм татқан шаңырақ қой. Сен де кел. Ет асайын. Екеуміз жата-жастанып әңгімелесейік, - деді. Әне-міне деп жүргенде біраз уақытты өткізіп алдым. Сол күндерде Есенқұл көке екеуміз Жазушылар одағында жолықтық...

Ол кісі мені шақырғанда бір өтінішпен шақырған. - Басымнан кешкен оқиғаны әңгіме қылып жазуға неше оқталдым. Өлеңді қатырғаныммен, әңгіменің жөні бөлек екен ғой. Соны жаза алмай-ақ қойдым. Саған айтып берейін, сен жазшы, - деген.

Есенқұл аға негізінде менің балалар туралы, балалық шақ туралы әңгімелдерімді ұнатқан. Өзінің де балалық шағы туралы айтар деп ойлағам. Бірақ, сол күнгі кездесуде мың болғыр ағам басқа тарапқа тартты. Әңгімесі мен күткен сүрлеуге емес, басқа жаққа бастады. Аузым аңқиып отырып қалыптым. Ия, әңгіме балалық шақ туралы емес, отбасылы жігіт ағасының аруды аялауы жайында болды. Мұң мен сыр. Жасырақ кездегі хикая екен. - Сен осыны жазшы, - деді.

Жазғым-ақ келді. Бірақ, көңілінен шықпай қала ма деп қорқасоқтап жүрдім. Өзім жаза алмай қойдым деген сөзі-ақ, аңғартып тұр емес пе, талабының жоғары екенін. Әйтпесе, өзі жаза алмайтындай не болыпты? Жазуын жазармын-ау, бірақ сол жазғанымды жақсы аға жаратпай тастаса, қайыра қалам ұстау қиынға соғар деп қиналып жүргенде жаманат хабарды естіп, естен танып отырмыз.

Аға бір жағыңызға қисайып отырып алып, езуіңізді тартып, жымиып айтқан жылы әңгімеңіз ЕСімде. Жазамын. Өкініштісі өзіңіз оқи алмайтын болдыңыз. Бірақ, сізді жақсы көретін бауырларыңыз оқитын болады. Жігіттігіңізден айналдым, Азамат ағам. Алдыңыз пейіш болсын, арты кеніш ағам. Ақылдасып жүргенде, бақұлдаса да алмай қалады екен ғой, пенде шіркін. Сіз асыға қояды деп кім ойлаған, көке..."

Бейбіт Сарыбай, жазушы

"Жазба ақынның жайдарысы, суырып салманың сергегі еді. Кітаптарында ділмәрсыған жоқ, сахнада шаламолдасынып уағыз айтудан да аулақ болды. "Модаға" ермеді, өйткені өзі "мода" болатын. Әзілі елді қыран-топан күлкіге қарық қылатын, салмақты жыры көпті ұйытып тастайтын 1980 жылдардың басындағы Жүрсін Ерманның теле-айтыстарындағы тақиялы бейнесі көкеймізден көшпейді. "Біздің елдің жігіттері - жігіттердің төресі" деген бауырларына арнаған өлеңін өзіне анықтама етсе жарасатын Есенқұл Жақыпбек ағамның нұры бейіште шалқығай!"

Ғалым Боқаш, шығыстанушы-журналист

"Жанат Ахмадидің 70 жылдығы күні. Одақтың алдында Бақыт аға екеуіміз тұр едік. Крутойлау машинаның ішінен Есенқұл аға түсіп келе жатыр екен. Сірә, аудан әкімінің көлігі болса керек. Бақыт аға екеуіміз жүгіріп алдынан шықтық. Амандастық. Бақыт ағаны баяғыдан таниды. Қауқылдасып жатыр. Менің жүзіме қарап тұрып, «қай баласың?». «Бағашар деген балаңызбын,аға». «Оқып жүрм, оқып жүрм. Жұмабай бастықтарың ғой» деді. Бір жағына қисая басып кіріп кетті.

Жанат Ахмади туралы сөз сөйледі. Жұрт Жанат Ахмадидың аяғын жерге тигізбей тұрған. Есағаң ресми ырымын жасады да түсіп кетті. Дәлізге шықтық. «Жұрт мақтайды деп ойлап қалды» деп күлді. Өмірі көрмеген адамым. Ауыл-аймақты сұрадым. Газеттен шаршадым деді. Өлеңімді тердіру үшін жүйкем жұқарады деді. Өзі тере алмайды екен. Жаңа терімшілер түсінбейтін болса керек.

Одан артық сөз болған жоқ арамызда. Одан жақын кез болған жоқ. Бақұл бол,аға. Алла рақымына алғай".

Бағашар Тұрсынбайұлы, сыншы, "Қазақ әдебиеті" газетінің тілшісі

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: halyksozi.kz

Пікірлер Бейбіт Сарыбай, Ғалым Боқаш, Бағашар Тұрсынбайұлының facebook парақшасынан алынды

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 14 қараша 2013, 17:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.