Ресейлік ғалымдар табылған мәйіт Әлия Молдағұлованыкі деп отыр

Ресейлік ғалымдар табылған мәйіт Әлия Молдағұлованыкі деп отыр

Бұдан бұрын өлкетанушылар аты аңызға айналған мерген қыздың қабірі бос екенін айтқан болатын. Осыған байланысты Қазақстан комсомолының өтінішімен ресейлік өлкетанушылар Әлия Молдағұлованың жерленген жерін хабарлады. Пиченка ауылынан 300 метр қашықтықта орналасқан жерге карта мен қажетті құралдармен жабдықталған «Боевое братство» қоғамдық қоры барып қайтты. Зерттеу барысында Әлия Молдағұлованың мәйіті Ресейдегі Псков ормандарында орналасқан «Бауырлар Қабірінен" табылған. Бұл қабірдің 1944 жылғы архивтерде белгіленген жер екенінде еш күмәндары жоқ. Мұнымен қатар Әлия Молдағұловадан 3 күн бұрын қайтыс болған жауынгер Федор Степанычтың медалі де сол жерден табылған. 

Әлия Молдағұлованың есімі архив құжаттарында «Аня Магдагулова» деп берілген. Құжаттарда аты-жөніндегі осы айырмашылықтан басқасының барлығы сәйкес келеді. Дәл қазір Әлия Молдағұлова мен сол жерден қазылып алынған 172 жауынгердің мәйіті Моноков ескерткіш кешеніне қайта жерленді. Бұл жерлеу рәсіміне батыр қыздың туысқандары да қатысқан. Онда жерленгендердің 40-тан астамы қазақстандық батырлар. 54-атқыштар дивизиясынан өзге 8-дивизияның жауынгерлері де сол жерде қалғандықтан, зерттеу жұмыстары жалғаса береді.

«Іздеу жұмыстарына қатысқан дәрігерлер мен антрополог ғалымдар қаңқа Азия ұлтының әйел адамынікі екендігін, бойы қысқа, тістеріне қарағанда жасы 25-тен аспаған әрі қолына оқ тигендігін айтуда. Мұндай дәлелдердің бар екеніне қарамастан, әйел адамның мәйіті Әлия Молдағұловаға тиесілі екендігіне 100 пайыз сенімді емеспіз. Оны алдағы ДНҚ нәтижелері көрсетеді. Елден жырақ жатқан батырларымыздың ескеркіштерінің алдында күн сайын жаңа гүлдер тұратынына қатты қуандым», - дейді «Боевое братство» қоғамдық ұйымының мүшесі Әсет Жақсыбаев.

«Естелік Вахтасы 2013» шарасына "Alash Media Group" медиа-холдингі ақпараттық қолдау көрсетіп отыр.

Қор туралы қосымша ақпараттарды мына сілтемелерге өтіп оқи аласыздар:

- Вконтакте әлеуметтік желісі

- Facebook әлеуметтік желісі

- Қозғалыстың ресми сайты

Қаржы аударуға қажет реквизиттер:

Төлем тағайындамасы: "Естелік Вахтасы 2013",
Банк: "Punjab National Bank"-Казахстан" АҚ Еншілес банкі,
БИК: DABNKZ2P,
БИН: 080 940 011 369,
Р/с: KZ 426 200 722 030 000 214,
"Боевое братство" ҚҚ

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Суреттер:boevoe-bratstvo.kz 

Қ. Бүйенбай