Компьютер тышқанын ойлап тапқан өнертапқыш өмірден өтті

Компьютер тышқанын ойлап тапқан өнертапқыш өмірден өтті

АҚШ-тың Калифорния штатында тұңғыш компьютер тышқанын, электронды пошта қызметі мен тұңғыш Интернет желісінің нұсқасын жасап шыққан 88 жастағы Дуглас Энгельбарт өмірден өтті, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар қызметі.  

Бұл хабарды бірінші болып оның қызының хатына сілтеме жасаған Энгельбарт өмірінің соңғы күндерін өткізген Калифорния компьютер тарихы мұражайының басшысы хабарлады. 

 1

Тұңғыш компьютер тышқаны

Энгельбарттың ең танымал өнертабысы боп компьютер тышқаны атанды. Ол оны 1960 жылдардың соңына қарай жасап шықса да, өнертабысын 1970 жылы патенттеген екен. Ал ол тышқандарды коммерциялық түрде пайдалануы 1984 жылы Apple өзінің жаңа Macintosh компьютеріне осы бір құрылғыны басты элемент етіп алғаннан кейін басталды. 1980 жылдың ортасынан бері қарай әлем бойынша тышқандардың миллиардтан аса данасы сатылып үлгерген екен. Алайда оның өнертабысы өзіне үлкен байлық әкеле қойған жоқ. Себебі 1987 жылы оның эксклюзивті авторлық құқығының мерзімі аяқталған еді. 

Сонымен қатар Энгельбарт басқа да компьютер және интернет-технологияларының дамуына өз үлесін қысты. Оның зертханасы кейін қазіргі заманғы Интернетке айналған үкіметтік ARPANet желісін жасауға қатысты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: history-computer.com

Б. Қосмағамбет