Шетел жұлдыздарына Қазақстандағы жанкүйерлері не сыйлап жүр?

Шетел жұлдыздарына Қазақстандағы жанкүйерлері не сыйлап жүр?

Түрлі концерттер ұйымдастырушысы Оксана Цурик шетел жұлдыздарына Қазақстандағы тыңдармандары не сыйлайтынын Forbes.kz сайтына айтып берді. Оксананың құрған тізіміне көз салайық.

Ресей әншісі Филипп Киркоровқа Қазақстанға келгенінде бейтаныс тыңдарманы бірнеше рет пәтер кілтін сыйға тартқан. Бірақ жұлдыз жағдайы бар тыңдарманының алдында қарыздар болып қалғысы келмегендіктен, пәтерден бас тартқан. 

Ал Лера Кудрявцеваға Алматыда жүргенінде iPhone мен iPad-ты сыйлық ретінде ұсыныпты. Жұлдыз қымбат сыйлықты әлі күнде дейін қолданып жүргенін жасырмаған.  

Доминик Джокерге қазақстандық тыңдармандары құны 4 мың доллар тұратын Bvlgari жеңілгегін сыйлаған. 

"Инь-Ян" тобының мүшесі Сергей Ашихминге Қазақстан жерінде шамамен 30 мың долларға бағаланған Hublot сағаты сыйланған. 


Ал мына бір аса қымбат сыйлық Литвада туған актрисаға арналыпты. Агния Дитковскитеге жұмбақ алматылық құны 50 мың доллар тұратын тікұшақ сыйлапты. Тікұшақты алудан бас тартқан Агния өзінің әуе транспортын жүргізе алмайтынын жеткізген. 

Рейтингтің жоғары сатыларының бірінде 250 мың доллардай тұратын Bentley Сontinental автокөлігін сыйға алған K-rim тұр. Бұл сыйлықты ол "Бокс" атты жаңа әнінің тұсаукесерінде алған көрінеді. 


Ер сымбаттылығының символындай болған француз актері Ален Делонға алматылық жанкүйері 16 караттық бриллиант сыйлаған. Бағалы тастың құны 250 мың-300 мың доллар шамасында. Өкінішке орай, актер сыйлығын Алматыны аралап жүріп, жоғалтып алыпты. 

Жомарт жанкүйерлер өзіміздің отандық жұлдыздардан да қолда барын аяған емес. Естеріңізде болса, әнші Мәдина Сәдуақасоваға белгісіз тыңдарманы күрең сәйгүлік сыйға тартқан болатын. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: klipi.info, bpozitive.ru, ololo.fm, euromag.ru, lgid.ru

М. Оңғарова