Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Әлия Мұхамеджанова "Мәскеу көктемі" байқауының жеңімпазы атанды

Әлия Мұхамеджанова "Мәскеу көктемі" байқауының жеңімпазы атанды

Әлия Мұхамеджанова

Ресей астанасы Мәскеу қаласында қазақстандық арулар арасында "Мәскеу көктемі" атты сұлулық байқауы өтті.

Ең сұлу да, көрікті қарағандылық Әлия Мұхамеджанова байқаудың жеңімпазы атанды. Мәскеудегі қазақ аруы - Мәскеу Мемлекеттік Университетінің магистранты. Қазір Әлия экология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша білім алуда.

 Әлия Мұхамеджанова, 22 жас

Ал байқаудың вице-аруы атағына Зере Мұхамеджанова ие болды. Зере Д. И. Менделеев атындағы Ресей Химия - Технологиялық Университетінде органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша 3-курста білім алуда. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде көп дауыс жинау арқылы "Интернет аруы" да атанды. Зере Тараз қаласының тумасы. 

 Зере Мұхамеджанова, 20 жас

Екінші вице-ару атағына Лаура Жахаева ие болды. Ол Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетінде оқиды. Мәскеу қаласының азаматы саналатын ару экономика мамандығы бойынша Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетінде 1-курс студенті. 

 Лаура Жахаева, 17 жас

"Мәскеу көктемі" байқауына мақтаулы әділ-қазылар төрелік етті. Соның ішінде әнші және актриса Линда Нығматулина, кинорежисер Егор Кончаловский және "Муз-ТВ" телеканалының бас директоры Арман Дәулетияровтар бар.

Байқауға бұрын Қазақстанда тұрған не қазір де Қазақстанның азаматы саналатын арулар қатысуы шарт болған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, кастинг кезінде Әлия Мұхамеджанова өз елінің тарихын жақсы білетіндігін байқатыпты. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: season.kz

2056 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 наурыз 2013, 08:37
Пікірлер
+0
19 наурыз 2013, 09:19

Мұхамеджановалар жасасын! ))

+0
19 наурыз 2013, 09:41

Әдемі екен, жарайсың!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...