Оралдық модель Египетте сән байқауына қатысады

Оралдық модель Египетте сән байқауына қатысады

Орал қаласының моделі Даяна Әбдірахманова Қазақстан атын Египетте өтетін Top Model of the World байқауында танытатын болады. Бұл жөнінде модель Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында мәлім етті. 

18 жасар Даяна осыған дейін де талай рет байқауларға қатысап жүрген еді. Солардың ішінде 2012 жылы өткен Fresh Faces-ті атап өтуге болады. Тоғызыншы сыныптан бастап-ақ оған Нью-Йорктің, Миланның және Австрияның сән агенттіктері ұсыныс жасаған. 

Өз оқуын алдыңғы жоспарға қойған Даяна мұндай ұсыныстардың көбінен бас тауртуына тура келген. Ол қазір Мәскеуде "Телекоммуникация" мамандығында білім алуда.

Айта кетерлік бір жайт, "Top Model of the World" байқауының әлемдік fashion-индустрияда мәртебесі жоғары. Байқауға қатысушы қыздар онда үш дәстүрлі кезеңнен өтеді: суға түсетін және кешке арналған көйлектермен сән көрсету, әділ-қазы алқаларының сұрақтарына жауап беру. 


Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Top Model of the World байқауына Қазақстан атынан алматылық Ирина Леваднева қатысқан еді. Бірақ онда Иринаның бағы жана қоймаған еді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: season.kz

А. Әбілхан