Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / «Мұтырғанов Чаплин де, Никулин де емес!»

«Мұтырғанов Чаплин де, Никулин де емес!»

«Мұтырғанов Чаплин де, Никулин де емес!»

Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы қазақстандық танымал шоумен Мұрат Мұтырғановтың басшылығына қарсы шығып отыр, дейді КТК телеарнасы.

Гимнасттар мен күрзімен ойнайтындар, арыстан баптаушылары мен қыларқанда жүретін әртістер Мұраттың цирк директоры орынбасары қызметіне тағайындалғанынан бастап жұмыстарының нашарлап кеткенін айтады. Ұжымның айтуынша, Мұтырғанов басшылыққа келгелі бері әртістер гастрольдік сапарларға баруды қойған, ал өзі қоғам алдында шоу жасайды, бастық бола алмайды екен.

Бұған дейін қызметкерлер басшылыққа бұл туралы айтып, кірген екен. Нәтижесінде Мәдениет басқармасына Мұтырғановтың үстінен қызметтен босату туралы арыз түсіпті.

Уәлихан Шалабаев, Мемлекеттік циркінің көркемдік жетекшісі:

Ол тәрбиесіз әрі ақылсыз адам. Орта деңгейлі өнерпаз. Ол өзін Юрий Никулин, ал тіпті Чарли Чаплин, Олег Поповтармен салыстыратынды шығарды. Мұтырғанов секілді қызметке лайықсыз адамдардың ұжымда болғанын қаламаймыз.

Мұтырғанов мырза бұл жиынға қатыспаған. Бұл мәселе туралы клоун халыққа тек күлкі мен қуаныш сыйлап жүргенін, ал қалған сөздің бәрі де көп сөз екенін айтады.

 

Мемлекеттік цирк директорының орынбасары:

Біз бәріміз де бір-бірімізбен доспыз. Мұндай мәселенің қалай шыққанын түсінбей отырмын. Бала кезімнен осы кісілерден тәрбие алдым. Егер маған көңілдері толмаса, бәрін қайта бір қарап шығу керек...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: gtec.com.ua

1624 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 01 наурыз 2013, 15:50
Пікірлер
+0
01 наурыз 2013, 16:19

бір қызық адам негізі

+0
01 наурыз 2013, 16:40

Сонда да кеткісі келмейді... :D

+0
01 наурыз 2013, 18:45

жап жас баланы мұндай дәрежеге бірден көтеруге болмайды тепе теңдікті сақтай білу керек. осы қызметке келгеннен кейін өзін ұйымдастырушылық қабілеті мықты басшы ретінде көрсете білуі керек еді, ал ол босансып кетті. мүмкіндікті тиімді пайдалана алмады

+0
01 наурыз 2013, 18:48

Шоумен ғой, осымен бәрі де түсінікті

+0
02 наурыз 2013, 08:59

Ехе билікке бір жеткен адам оңайлықпен кетуші ма еді? :P Кім біледі бірақ қасында бірге жұмыс істемегесін анау-мынау деу артықтау ғой

+0
02 наурыз 2013, 15:26

оз басым барлық істі жауапкершілікпен жасау керек деп ойлаймын

+0
12 наурыз 2013, 20:31

мен мұндай ерегісті ұнатпаймын,

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...