Реставраторлар Пикассоның белгісіз суретін тауып алды

Реставраторлар Пикассоның белгісіз суретін тауып алды

Испандық картиналарды жаңғыртумен айналысатын мамандар атақты суретші Пикассоның осыған дейін белгісіз болып келген суретін тауып алды. Суретті Барселонада орналасқан Пикассо мұражайының қызметкерлері суретшінің "Ана Портреті" картинасының артқы бөлігінен картонды алып тастау үшін жұмыстанып жатырғанда, кездейсоқ тауып алған екен. Портрет негізінен көмірдің көмегімен салынған болып шықты. Онда аузына темекі түтікшесін тістеген ер адамның бейнесі кескінделген.

1            2

Мұражайдың жаңғырту бөлімінің бастығы Рейес Хименестің ойынша, табылған портрет 1896 жылы өмірге келген "Ана портреті" картинасынан да бұрын салынған болуы мүмкін. Демек, Пикассо өзінің жас кезінен бастап-ақ картиналарында күрделі техникаларды пайдалана білген.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com 

Б. Қосмағамбет