Атақты адамдардың аңқау сөзі

Атақты адамдардың аңқау сөзі

Әйгілі тұлғалардың "керемет" сөздерін естеріңізге салғалы тұрмыз. Бүкіл өміріңізге азық болар дәйексөздерге бір қарап шығыңыз.

"Мен балаларды жақсы көремін. Менің өзім де бір жолы бала болғанмын".

Том Круз

"Менің әр сұрақта ұстанатын өз пікірім бар. Өте мықты пікірлер. Кейде, тіпті, келіспей қалып жатамын...".

Джордж Буш

"Мен бақытты кезде өзімді жақсы сезінемін"

Вайнона Райдер

"Мен диетаға отырмаймын. Жай ғана жегім келген мөлшерден аз жеймін".

Линда Евангелиста

"Қытай - аумағының көп бөлігінде қытайлар тұратын үлкен мемлекет".

Шарль де Голль

"Мен, сөзсіз, Бруклинді (үлкен ұлы) сүндетке отырғызғым келеді. Бірақ, әлі дін жағын шешпедім".

Дэвид Бекхэм

"Мен өз ата-анама қатты қарыздармын, әсіресе, әкем мен шешеме..."

Грег Норман

"Жер бетіндегі жалғыз ғана бақытты актер - ол өлген актер. Өйткені, сонда барып қана өзгермейді. Мен өлген соң, мүмкін, қылқалам болатын шығармын".

Сильвестр Сталлоне

сурет:epochtimes.ru; rus.ruvr.ru; nstarikov.ru; yes.com.ru; guardian.co.uk; xn--80akrakfri.xn--p1ai  

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига