Рембранд картинасының астынан тағы бір портрет табылды

Рембранд картинасының астынан тағы бір портрет табылды

Германиядағы DESY синхротрондық орталық Рембрандтың "Әскери киімдегі қарияның портреті" картинасының арғы қабатынан тағы бір сурет тауып алды.

Мамандар картинаның көп қабатты екендігін бұған дейін де білген еді. Дегенмен зерттеуге пайдаланылған инфрақызыл және рентген сәулелері арғы қабаттағы суретті анық көруге мүмкіндік бере алмаған болатын. Әйтсе де, жаңа әдіс - макроскопиялық ренгтендік-флюоресценттік анализ арқылы ғалымдар жасырылған портретті енді айқын көріп отыр. Болжам бойынша қағазда суретшінің әкесі бейнеленген.

ва

Рембрандтың "Әскери киімдегі қарияның портреті" картинасының қос қабаты

Жаңа әдістің технологиясы мынаған негізделген. Сәуле қағазға түскен кезде әр химиялық зат түрліше жарқырайды. Ғалымдар осылайша картинаға еш зиян келтірмей арғы қабаттағы пигменттердің картасын жасап шықты.

"Рембранд қос қабаттағы суретті салу үшін химиялық құрамы бірдей бояу пайдаланған. Осы себепті жұмысымыз оңай болмады", - деді сұхбат берген DESY-дің қызметкері Карен Аппель.

Айта кетелік, картина АҚШ-тағы Пол Гетти мұражайында сақталып тұр. Сурет 1630 жылы, яғни барокко дәуірінде Солтүстік Еуропада салынған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: the100.ru (Рембрандт), kurier-media.ru