Скарлет Йоханссонның өмір шындығы

Скарлет Йоханссонның өмір шындығы

Мен жауап берген сәтте ойланғанды жек көремін. 

Кенеттен біреуге ғашық болып қалу деген керемет емес пе?! Бірден өзіңнің өмір сүріп келе жатқаныңды сезінесің.

Үйленгеннің ең басты пайдасы: өзің туралы ешқашан білмей келген шындықты білетін боласың.

Жалғыз тамақтанғанды жек көремін.

Нанды қатты жақсы көремін. Егер актриса болмағанда, бірден наубайханаға тартар едім.

Мен сұлулықтың қыр-сырын анамнан біліп алдым: суды көп іше бер, ешқашан оятқышпен бірге тұрма және ешқашан темекі шекпе!

Жұлдыздардың тойы мен қарапайым тойлардың айырмасы қандай дейсіз ғой? Көптеген адамдар тойларында фотоаппаратпен жүрген адамдар көп болса деп тілейді. Ал біз болсақ, олардан қалай құтылудың жолын іздейміз.

Араласып-құраласатын адамдарға шексіз сенгім келеді. Және күмәнмен қарайтын, не болса сенбейтін адамдармен сөйлесуді мәңгілікке доғарғым келеді.

Сыпайылықты былай қалдырып, бірден адамдардың жүрегіне үңілгім кеп тұрады.

Менің Фейсбугім де, Твиттерім де жоқ. Мағынасыз ақпараттарды аз білген сайын, соғырлым бақытты бола түсемін.

19 жас пен 20 жас - бір қалыпқа түсе алмайтын, дал болатын екіұдай шақ.

Өмірде не істеу керектігін білмесеңіз, күтіңіз! Бірақ, көп күтуге болмайды.

Дүниеде бір ғана арманым, кескінсіз әйелдің рөлін сомдағым келеді.

Жақсы сценарий 75 беттен асып түспеуі тиіс.

Мен жұмыс жасағым келеді, жұмыс жасай бергім келеді.

Мен ешкімнің музасы болғым келмейді.

Мен әрқашан өзімнен көп нәрсені күткенмін.

сурет:weekend.ria.ru; cheberry.com; movie.douban.com

Дайын: Фараби Арыстанбек

Л. Лига