Таңғажайып орындықтар

Таңғажайып орындықтар

Испаниялық бір көркемөнерші жақында елден ерек жаңалық жарату қабілетіне сүйене отырып, хайуанаттар түріндегі бірнеше орындық жасап шыққан. Бұл орындықтардың ең қымбаты 65 мың фунт стерлинг (шамамен 105300 АҚШ доллары).

Бұл орындықтарды жобалаған көркемөнершінің есімі Maximo Riera бес түрлі хайуанаттың түрін талдап алған. Олар, піл, кит, теңіз арыстаны, керік және сегізаяқ. Бұл орындықтардың бәрі қара түсті болып келеді, ауырлығы 353 қадақ (160kg).

Бұл орындықтарды бес бірдей компанияның 30-дан астам қызметкері бірлесе отырып жасаған. Әрбір орындықты жасау үшін орта есеппен 11 апта уақыт кеткен. Орындықтардың ең арзаны 35 мың фунт стерлинг, ал ең қымбаты сегізаяқ бейнесіндегі орындық (65 мың фунт стерлинг).

Maximo Riera көркемөнермен айналысқанына 30 жылдан асқан. Негізгі мамандығы сурет салу, фотограф және мүсін өнері. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: demilked.com

Қ. Қауымбек