Көлеңке көзге түскен сәт

Көлеңке көзге түскен сәт

Бір сәт балалық шаққа оралайықшы. Айналаны түн басқан кезде үйге кіреміз. Қарлы боран кезінде үйден тоқ кетіп қалады. Шамның жарығына үймелеп, сырласамыз ғой, сыр ақтарысып отырып, жарық көлеңкесімен ойнайтынымыз-ай. Қолымызды олай да, былай да ербеңдетіп, қоян не қасқырды салып, мәз болатынымыз-ай.

Ал қазір, достар, мен сіздерді Раймонд Кроудың (Raymond Crowe) көлеңке өнерімен таныстырғым келеді. Өнерпаз өзінің туған жері Австралияда өте атақты. Луи Армстронның «Таңғажайып бұл әлем» («Этот удивительный мир») атты композициясының сүйемелдеуімен өтетін осы бір өнер барынша қарапайым, барынша мейірімді. Раймонд жәй ғана балалар ойынынан керемет шоу жасап шықты. Сахнадан көретін 3 минуттық қойылым кезінде ол сахнаға қаратыла жарық түсірілген прожектор арқылы неше түрлі кейіпкер жасай біледі. Көлеңке әп сәтте тіріліп, өмір сүре бастайды. Қысқасы, қызықты дүниенің куәгері болып, сол бір шақтарда қалып қойған балалығыңызды қарсы алыңыз!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: braznica.ru

А. Құлтай