Айтматовты суретке түсіріп қалмағаным қандай өкініш - қырғыз академигі

Айтматовты суретке түсіріп қалмағаным қандай өкініш - қырғыз академигі

12 желтоқсан - жазушы Шыңғыс Айтматовтың туған күні. Әлемге танымал жазушының көзі тірісінде жанында жүріп, қарапайым тіршілігінен хабардар болған жандар аз емес. Солардың бірі - академик Абдылдажан Акматалиев екен. 

Түрік елдері әдебиетінің оның ішінде қырғыз-қазақ әдебиеті байланысын терең зерттеуші, қазақ әдебиетінің жанашыр насихатшысы, Айтматов жайында бірнеше кітап жазған академик, айтматовтанушы Абдылдажан Ақматалиевтың әлем әдебиетінің заңғар жазушысы Шыңғыс  Айтматовтың туған күніне орай, түрік әдебиетінің алыбы туралы жазылған сұхбатын жариялауды жөн көрдік.

***

– Абдылдажан аға, Айтматов туралы көп жазылса да, тағы да Сізге қайта айналып сұрауға, қайрылуға тура келеді. Жазушының қандай ойлары бар еді, қандай шығарма жазайын деген жоспары бар еді, біліп пе едіңіз?

– "Таулар құлағанда" романынан кейін шығармашылықтан біраз да демалыс алған сияқты. Роман жазушының  шығармашылығындағы жыйынтықты қатары байқалды. Шыңғыс ағай бұл романға өзінің бүкіл шығармашылық қуат потенциалын жұмсағандай болды. Менің пікірімде және байқауымша, романнан кейін өте қанаттану сезімімен жүрді. Сөз бола қалса да таулар, барыстар жаңа нарықтық заманға барып тақалды. Иә, таулар оның рухани дүниесіндегі бір символика болды.

Жаратылыс катарында бір қараса, екіншіден, шығармашылық биіктік ретінде көрді. Түгелбай Сыдыкбековқа арнап  "Тау аласармайды" деген мақаланы жайдан-жай жазған жоқ. Жас кезінен Таластың тауларына ынтық болған. Алатауды, Тянь-Шанды қарап, шығармаларында суреттей келе олар менен қаһармандарының жан дүниесін ашып отырып, "Таулар құлағанда" романына заңды түрде келген.

Есімде, 80-жылдары академик Аман Мамытов мені шақырып алып: "Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан, публицистикаларынан тау, жер, су жөнінде жазғандарын  жыйнақтап бер", – деген еді. Ол топырақпен жер ілімінің  білгір маманы болды. Аман Мамытовқа өте көп материалдар жыйнап бергем. Осында жазушының жаратылысқа деген шын ықластық қатынасын, оны сақтау, корғау бойынша ой-пікірлерімен танысып, Шыңғыс ағайдың жан дүниесінде мұхиттай тасып жатқан кеңдік, алыптық, кырғыз тауларындай биіктік жатқанын сезген едім. Байқап қарасақ, жан дүниесі асқар таулардай биік екен. "Таулар кұлағанда" романында жазушы адамзатқа керекті көп нерселерді айтты, біз енді оны түсінуіміз керек.

Маған айтқаны бойынша, соғыс мезгілінен кейін, нақтырақ айтқанда 50-жылдардың орта шеніндегі қырғыз ауылы туралы повесть жазайын деген ойы бар болды. Бітірді ме, бітірмеді ме, білмедім.

– Тағдыр демекші, тағдыр Сіздерді табыстырды. Сіз, әлбетте, бақытты болдыңыз. Әлемдік атағы бар жазушыменен пікірлес, сырлас, аға-іні болу – бақыт емей немене?!. Сіз бақыттың құшағында жүрдіңіз, бақыттан пайдаланып қалдыңыз ба?!.

– Иә, мен шексіз бақыттымын. Ұлы адамымыз – Шыңғыс ағайды тағдырыммен қатынаста мәмілелес болуға бұйырып койғанына Құдайға ризамын. Мен танысқан уақыт 80-жылдардың басы еді. Ол кезде Айтматовты көрудің өзі үлкен мәселе. Көбінесе, республиканың сыртында жүретін, әрқандай жиналыстардан босамайтын, ол ғана емес Жазушылар одағына да сирек келетін. Партияның, комсомолдың съездері өткенде теледидардан көріп қалатынмын. 1985 жылдан кейін өте тығыз байланыста болдық, үйішілік қарым-қатынас та жасалды. Кейде Шыңғыс ағайды күніне үш-төрт рет көретінмін. Басында бірге отырып шай ішкенде тартынып, ұялып, ыңғайсызданып жүрдім. Бара-бара көндігіп кеттім. Шыңғыс аға өзі жағдай жасап, өзін өте қарапайым ұстап, сөйлеп отыратын-ды. Ол ғана емес, тамақ ішіп жатқанымызда өзінің тарелкасынан ет бола ма, балық бола ма, қауын-қарбыз, алма бола ма шекесінен кесіп менің тарелкама салып кояды. "Ағай, менде бар емес пе" десем "Мен тауыса алмаймын" деуші еді. "А мен де тауыса алмаймын", – деп ұялғаннан терлеп-тепшіп, бірақ өзімдікін шетке қойып, ағайдың бергенін ырымдап жейтінмін. Шырын құйып берсе ішетінмін.

Өстіп, әр қандай сөйлесуден жан дүнием бақытқа толып, мен рухани бақытқа балқып жүретінмін. Бірақ, қазір ойласам, осындай шарт болса да бір топ кемшіліктерді жібергенге ұқсаймын деп өкініп қалам. Мысалы, менде, біріншіден, Шыңғыс ағайдан ылғый сұхбат алып тұруға уақыт та, жағдай да бар болған. Диктофонды қойып қойсам да болды екен. Бірақ оны журналисттер алсын деп, баспасөздерге айтып ұйымдастырамын. Болғаны екі сұхбатты шетелдік окымыстылармен бірге алыппын. Индиялық аспирант Насыр Шакил және жапондық оқымысты Тецео Матацукидан. Оларды Шыңғыс ағайға ертіп барып, сұрақтардың көбін дайындап, сөйлескенбіз. Екіншіден, фотоаппаратты да жақсы түсіргем, шақылдатып та өз мұрағатыма әр қандай  ыңғайлы  сәтте түсіре берсем, тарта берсем де болар еді, бірақ өйте алмадым.

Академияда, институтта Шыңғыс ағаймен ондаған кездесу өткіздік. Үш-төрт сағат сұрақтарға жауап беріп тұрды. Үйге де келді. Қолда тұрса да, мүмкіндік болса да кездесулерді, үйге келгенде видеоға жаздырып, суреттерге тарттырып алмаппыз. Десекте, Айтматовтан рұқсатсыз пайдалану жөнінде ой мүлде болған емес. Шыңғыс ағаймен кездескен, телефонмен сөйлескен, көп жүрген күндер өмірімнің  жарқын парақтары, тарихы. Ол бақыт енді ешбір екінші рет қайталанбайды, бірақ өмір бойы жүрегімде солмай сақталады.

 Абдылдажан Акматалиев

– Жоқ дегенде суретке тартып коя берсеңіз де болады екен. Шыңғыс Айтматовтың әрбір қыймылы тарих қой. Оның үстіне Сіздің тартқаныңыз ресми емес, өмір тұрмысына байланысты болып, көп қызығушылықты тудырып қазірге жарататын едік.

– Енді "өткен іске өкінбе" деген сөз бар емес пе! Бақыт жөнінде сөз қылып жатпаймыз ба. Айтматовтың шығармаларынан бес және сегіз томдық шығармалар жыйнағының, осындай да өзінше шыққан екі-үш жыйнағының басты алғысөз, соңғы сөздерін жазып калу шығармашылыққа бақытым да тұспа-тұс  тура келіп жатпай ма! Жақында "Биіктік" баспасынан бірінші жолы орыс тілінде шығармалар жыйнағының сегіз томдығы шығады. Оның алғысөзі де менің мақаламмен басталады. "Манас" пен Айтматовты жазып шығару, тарату арқылы танытып келем. Бұдан артық ғылыми, шығармашылық бақытын елестете алмаймын.

– Ұлыңызға Елтұран деп ат қойды. Бұған да мақтанса болады.

– Иә, Шыңғыс аға бір топ пікірлестерінің ұл-қыздарына ат қойып, батасын берген. Мысалы, көп жыл машинасын айдаған жүргізушісі – Ормон мырзаның баласына Ноян деп қойған. "Ноян" генерал дегенді білдіреді. Оған қарамай кішкене кездерінде ағайдың балалары – Шырын менен Елдар "Ноян-Коян" деп тамашаласқанда, ағай бұл деген генерал бала деп қойушы еді. Елтұран да, Ноян да есейгенде ағайдың кызметіне жарап жүрісті. Шыңғыс ағай саяжайынан қалаға келерде Елтұранды мен арқылы шақырып алатын. Кейін өзі сабағынан шақырып алып жүрді, оны түсініп мен сүйсініп қаламын. Маған болса ағай риза болып: "Іске жарап қалыпты", – деп қоятын. Бір жылы Елтұран ағай менен бір ай бірге тұрып жүрді. Ол да айтып қалатын: "Шыңғыс атаменен түскен бір суретім бар", – деп.

– Сіз Шыңғыс Айтматовпен соңғы жолы жолыққаныңызда не жөнінде сөйлестіңіздер?

– Оны есту мен үшін өте қыйын. 2008 жылы май айының он бірі. Көкірегімде "ағайды жоғалтамыз ба" деген жаман ой қайда-жайдан пайда бола қалған. Мен селт ете түскем, ағайды қарап көңілім орнына келген. Ол кісі де сезді ме, сезбеді ме білмеймін, орыс сыншысы Гачевтің дүниеден қайтқанын білдірген. Мен ағайды ойлап отырсам, ағай досы, замандасы Георгий Дмитриевич Гачевті ойлап отырыпты. Ағайдың хабарынан менің де көңілім мұздай түскен. Себебі Гачев менің докторлық диссертациямның ғылыми кеңесшісі болған. Ағай менен менің ойым жоғалту туралы бір жерден шығып қалғанына сонда да, қазір де таң калам. Ол күнді еске алмай-ақ қояйықшы.

– Сіз жазған, басқалар жазған мақалалардан, бергі сұхбаттардан тарихи деректерді жыйнақтап, сұрыптай реттеп Шыңғыс Айтматов жөнінде ең ақырында роман жазса болатындай. Бәлкім, бұл Сіздің колыңыздан келер?

– Жоқ, келмейді. Бұл – қашу емес, жауапкершілік. Айтматовтың көркем образын жасау оңай емес. Әлемдік оқырмандар оқыйтындай масштаптылық, тереңдік, кеңдік керек. Мен болсам Айтматовтың портретін этюд, эскиз нобайы сияқты еңбектерімде, жырларымда беріп келем. Менің ойымша, айтылған идея жақсы, ол енді оны бір атқарса Ашым Жакыпбековтың, Аман Тоқтоғұловтың колдарынан келмек. Осы идеяны мен де бір-екі жыл бұрында замандасым Самсақ Станалиевге айтып көрдім. Самсақтың қолынан келеді. Себебі Қасым Тыныстанов, Жомарт Бөкөнбаев туралы ең соңғы романдарды жазды емес пе! Тәжірбиені жақсы жинады, тарих пенен көркем суреттеуін байланыстыра алады. Егер де Самсақ Станалиев Шыңғыс Айтматов жөнінде көркем шығарма жазса шет еілдерге танылып кетер еді. Бәлкім, Қазат Ақматовқа да айтып көрсек болады. Ол кісі Айтматовты жақсырақ біледі. Шынында Шыңғыс Айтматов жөніндегі роман жанрындағы көркем шығарманы замандастары жазуы керек, оқырмандар күтіп жатады. Роман бір рет қана жазылуы мүмкін. Ал енді, әлі күнге дейін жырлар, поэмалар жазыла бермек.

Сұхбат 22.08.2012 жылы "Қырғыз туы" газетінде жарық көрген 

Қазақшалаған Мақсұтхан Аманжанұлы