"Әлем аруы-2012" атағын АҚШ сұлуы жеңіп алды

"Әлем аруы-2012" атағын АҚШ сұлуы жеңіп алды

"Әлем аруы-2012" байқауында бұл жылы 20 жасар америкалық Оливия Калпо топ жарды.

19 желтоқсан күні өткен финалдық кезең арнайы "CBS" каналынан көрсетілді. Оливия Калпо Род-Айленд штатында музыкантшылардың отбасында дүниеге келіпті. Бала кезден бастап әнге әуестенген жастың айтуы бойынша, сыртқы сұлулықтан бұрын адамның жан дүниесі, ішкі әлемі көрнекі болуы тиіс. Тіпті, өзінің америкалық актриса Одри Хепбернге еліктеп, сол жүрген жолмен жүргісі келетінін жасырмаған.


"Әлем аруына" екі бірдей тәж берілді. Бриллиант пен жақұттан жасалған тәждің құны 270 мың долларды құрайды. Сонымен қатар Нью-Йорктегі телеарнаға дайындайтын арнайы мектепке 45 мың доллардың шамасында грант ұтыс бұйырды.

Бұрын хабарланғандай, "Қазақ аруы-2011" байқауын жеңіп алған Айнұр Төлеуова әлемдік сахнаға 2013 жылы ғана жол тартпақ. Себебі, аталған байқауға жасы 18-ден асқан бойжеткендер ғана қатыса алады. Ал біздің қыздың жасы 17-де ғана.

сурет:eva.ru; itar-tass.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига