Алматыда Мұқағали Мақатаевтың құрметіне мурал пайда болды

Алматыда Мұқағали Мақатаевтың құрметіне мурал пайда болды

Алматыда қазақтың белгілі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың құрметіне мурал пайда болды.

Муралдың ашылуы ақынның 90 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Бұл арт-жоба Мақатаев пен Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйдің қасбетінде жасалған. Авторлары – муралист-суретшілер Нұрболат Аманқұл мен Абай Сұлтан.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, суретті салуға авторларға шамамен 5 күн, ал қабырғаны дайындауға бір апта уақыт кеткен. Бұл ретте суретшілер 50 литр  бояу мен 100 аэрозоль жұмсаған. Суреттің көлемі шамамен 190 шаршы метрді құрайды.

Муралдың ашылуына ақынның ұлы мен келіні Жұлдыз Мақатаев пен Бақыткүл Айдарова, "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, сондай-ақ 21 қазанда жарыққа шыққан "Мұқағали" фильмінің түсіру тобы қатысты.

Т. Раушанұлы